Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 6368 0 пікір 26 Қараша, 2014 сағат 15:27

ЖҰМА НАМАЗЫНА НЕГЕ ЖІБЕРМЕДІ?

Қазақстанда ешкім әлі нақты экстремистік діни идеологиялардың ықпалы мен таралуына салмақты зерттеу жүргізген жоқ. Өйткені лаңкестік үшін жүздеп түрмеге отырғызады, алайда сарапшылар мен дінбасылардың арасында сотталушылардың нені басшылыққа алғанын, қандай көзқарастарды ұстанғанын түсіндіре алатындар аз.

Талдау оларды негізінен көбінесе діни тәжірибесі үшін отырғызатынын көрсетеді: егер салафит болса, демек, ықтимал лаңкес. Іс жүзінде салафиттік ағымда экстремистік әдістерді мойындамайтын көптеген топтар бар. Екінші жағынан, кейде дәстүрлі мәзхабтарды ұстанатын мұсылмандар жиһадшылыққа барады. Бұл жерде сыртқы тәжірибе маңызды емес, бұл жерде жекелеген діндардың басының ішінде не болып жатқанын түсіну керек. Бізде көбінесе экстремизммен күрестің барлығы ханафит мәзхабы мен салафизмді қарама-қарсы қоюдан, басқа діни-құқықтық ислам мектептерін алалаушылықтан тұрады.

Бұл жерде билік те біраз қателіктер жіберді, атап айтқанда, Атырау облысында аудан әкімі полицейлермен бірге мешітке келіп, жұма намазына кімдерді жіберу керектігін өзі шешіп, салафиттік белгілері айқын – сақалы бар, шолақ шалбар кигендерді мешіттен қуып жіберген жағдай да орын алды.

Қазақстанның мұсылман жамағаттарында діндарларды сыртқы белгілері бойынша оқшаулату байқалады. Мешіттерде ханафит мәзхабының нормаларында қалыптасқандағыдан өзгеше құлшылық ететіндерді, ДУМК-көзқарасын бөліспейтін және оның беделіне күмәнмен қарайтындарды және т.б. айқындайды. Мұндай тәжірибенің тиімділігі аз, керісінше, бұл шиеленісті күшейтеді. Өйткені салафиттік топтардың басым бөлігі соңғы кездері ДУМК мешіттеріне қайта оралды. Мұндай жасанды оқшаулату мейлі олар ханафиттер болсын, мейлі салафиттер болсын, жиһадтық көзқарасты құпия ұстанып, оларды мешітке келушілерге тарататындар үшін өте қолайлы. Оның үстіне, діндарларды жұмыстан босатып немесе оқу орындарынан шығарып, діни белгілері бойынша тұрмыстық алалаушылыққа жол берушілік те ниеттес жаңа тұлғаларды іздеп тартудағы радикалдардың жұмысын едәуір жеңілдетеді.

Азамат МАЙТАНОВ.

(«Ақ жайық» газетіндегі «Жерлестеріміз Сирияда жүр» атты мақаладан алынды.)

http://azh.kz/kz/news/view/13942

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5278