Қырғызстанда компанияларды қайта мемлекет меншігіне алу әлеуетті инвесторларды үркітіп жіберуі мүмкін, деп есептейді Кәрібжанов
Алматы. 15 мамыр. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. Қырғызстанда Құрманбек Бакиев кезінде жеке меншікке көмескі түрде берілген жекелеген компанияларды мемлекет меншігіне қайта алу әлеуетті инвесторларды үркітіп жіберуі мүмкін, деп есептейді ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасының Қырғызстан бойынша арнайы өкілі Жәнібек Кәрібжанов
«Ондағы жағдай тонаушылықтың бәсеңсігендігі тұрғысынан жақсарып келе жатқанымен, ішкі және сыртқы бизнес өкілдіктерінің сенімділігі мен әлеуеті ондағы тұрақсыздыққа теңселіп кеткендец болды. Онда әлі де болса, тонаушылық пен бизнесті, кәсіпорындарды қорқытып тартып алуға бағытталған ұйымдасқан рейдерлік бар», - деді ол сенбі күні Алматыдағы Трансазиалық парламенттік «ЕҚЫҰ-ның Еуразиялық өлшемі» атты форумда.
Оның айтуынша, Қырғызстанда назар салуды қажет ететін макроэконмикалық проблемалар бар.

«Халықаралық валюта қорының жергілікті кеңсесінің болжамы мен шамалап айтуынша, ел резервінде 200 млн еуродай қаражат бар. Бірақ бюджет тапшылығының үлкендігі (ІЖӨ-нің 20% - КазТАГ), шетелдік инвесторлар мен донорлық салымдар үшін қолайсыз климат, коммунальдық қызметтің бағасын төмендету жөніндегі жоспарды іске асыру инфляцияның өсу әлеуеті болып табылады. Ал Құрманбек Бакиев кезінде жеке меншікке көмескі түрде берілген жекелеген компанияларды мемлекет меншігіне қайта алу әлеуетті инвесторларды үркітіп жіберуі мүмкін», - дейді Ж. Кәрібжанов.