Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2787 0 пікір 17 Мамыр, 2010 сағат 04:17

Жириновский жінігіп отыр

Ресей Мемлекеттік думасының вице-спикері Влдаимир Жириновский Орталық Азиядағы екі мемлекет - Тәжікстан мен Қырғызстанның болашағы жоқ. Сондықтан оларды Ресейдің құрамына қосып алып, тоғызыншы федеральді округ құрайық деп жінігіп отыр. «Русская служба новостей» радиостансасына сұхбат берген ол наркотрафик пен полиомиелитке (сал ауруына соқтыратын инфекциялық жұқпалы дерт. - ред) қарсы күрестің жолы аталған екі мемлекетті Ресейге қайтадан қосып алу деп түсіндірді.

«Бізге Тәжікстан өте қажет. Бұл елде жеміс-жидектің неше түрі өседі. Бірақ соның бәрі бүгін қауіпті болып тұр. Мен бұны халқымыздың денсаулығына алаңдағандықтан айтып отырмын. Міне, екі бүлдіршіндей қызымыз полиомиелитпен ауырып қалды. Бізге өзі не керек? Полиомиелитке шалдыққандардың саны екеу емес, екі мың болғаны керек пе?» - деді Жириновский.

«Сондықтан, - деп сөзін жалғады ол, - «Душанбе-Мәскеу» пойызын тоқтатып, әуе қатынастарына тиым салайық. Тәжікстаннан келетін тағам атаулының жолын жабайық. Барлық байланысты 1-2 айға тоқтатайық. Сол кезде біз полиомиелиттің өршуіне тосқауыл қоя аламыз».

«Алайда бұл мәселені шешу үшін мен бұдан өзгеше жол ұсынамын. Тәжікстан мен Қырығызстанның мемлекет ретінде болашағы беймәлім. Сондықтан осы екі елдің есебінен Орталық Азияда  жаңа тоғызыншы федеральді округымызды құрып ала қоялық. Сондай жағдайда біз жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен құтыламыз, жеміс-жидекке кенелеміз, етке де кеңірдекетеп тоямыз, ал олар ауру, науқас дегеннен айығады», - дейді Ресейдегі либералдардың серкесі.

Осылай да осылай дей келіп, Жириновский негізгі айтпақ ойын былайша жайып салды:

-  «Тәжікстан қазір шет ел. Оның ішкі, сыртқы ісіне қол сұға алмаймыз. Ал ол болса, Ауғанстаннан  келіп жатқан есірткі көшінің бетін қайтара алар емес. Түптеп келгенде есірткіден Ресей зардап шегуде. Ендеше Тәжікстан мен Қырғызстанды қайтадан өз қанатымыздың астына алып, Ауған бетіндегі шекараға орыс әскерін төгіп тастау керек. Шекараны сөйтіп тастай бекітсек есіріткі зардабынан құтыламыз».

Ресейдің империялық пиғылын оятып, албаты сөйлей беретін адам секілді көрінгенімен Жириновскийдің қандай мүдде тұрғысынан жасалған саясаткер екені бүгінгі жұртқа мәлім болып қалды. Демек, ол мемлекеттік тіл туралы заң қабылдап, ұлт мұратын ұлықтауға бекіген Рахмоновтың басшылығындағы Тәжікстан мен аласапыран хал кешіп жатқан Қырғызстан туралы текке сөйлеп отырмаса керек. Әйткенменде, Жириновскийдің «Тәжікстан мен Қырығызстанның болашағы беймәлім» деген сыңаржақ пікіріне қарсы аймақтағы көршілеріміздің тарпынан салмақты уәж болады деп күтеміз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435