Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Қоғам 8811 0 пікір 4 Қараша, 2014 сағат 16:45

ПАВЛОДАР ОРЫСТАРЫ БІРІГІҢДЕР!

Видео Youtube видео желісінен алынған скриншот

Youtube видео желісінде "ПАВЛОДАР ОРЫСТАРЫ БІРІГІҢДЕР!" деген атпен видео ролик жарық көрді (https://www.youtube.com/watch?v=tgDDDbF40X4). Оны Павел Астахов есімді қолданушы жүктеген. Видеоны осы уақытқа дейін 3 034 рет қаралған. 206 адам "ұнамайды" деген белгіні басқан.

Украина мен Ресей арасындағы жағдайдан кейін Қазақстанды "Украина сценарий қайталанбай ма?" сауал кезіп жүр. Сарапшылар ондай жағдайдың Қазақстанда болуы мүмкін еместігіні айтады. Алайда, жоғарыда сөз болып отырған видео тектес арандатушы дүниелердің қарасы азаймай тұр. Бұған дейін "Медуза" атты сайтта "Өскемен халықтық республикасын" құрайық дегенге саятын материал жарық көріп, іле бұл сайт "ұлтаралық араздықты қоздыратын материал жариялағаныүшін" уақытша жабылған.

Оған дейінде Қазақстанда Ресейшіл бағыттағы іс-әрекеттер байқалған. Мәселен, 9 мамыр Жеңіс күні Қостанай мен Петропавел қалаларында Ресей туын желбіретіп, машинаға георгий лентасының суретін жапсырып, қала көшелерімен көлік шеруін жариялағандар туралы да көптеген материалдар жарияланды. Одан кейін Украинадағы қалыптасқан жағдайдан "жапа шеккендерге көмектесейік" деген ұранмен тағы да бір "белсенділер" бас көтеріп, артынша тынышталған.

Осылайша, Қазақстан қоғамының орыстілді бөлігінде Ресейшіл көңіл-күй әлі күнге сақталып отыр және ол әртүрлі жағдайға байланысты қылаң беріп келеді. Қазақ қоғамы мұндай дүниелерге қарсы болғанымен, билік тарапынан нақты іс-әрекет жасалған емес. Қазақстан билігі керісінше, ұлтаралық татулықты үзбей насихаттап, оны мемлекеттік идеология ретінде көрсеткісі келеді. Алайда, іс жүзінде жағдай мүлдем басқа...

QJ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048