Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4626 0 пікір 9 Қазан, 2014 сағат 17:56

Терминологиялық қор қалыптастыру мәселесі шешілмей отыр

terminology_ils1993

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының «Халық бірлігі» бағыты бойынша сараптама тобының кезекті отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Серік Сәлемов терминология саласындағы проблемалардың бірқатарын атады.

«Жыл сайын мемлекеттің қатысуынсыз ғалымдар мен басқа жеке тұлғалар түрлі баспада шығаратын ондаған сөздіктер шығаруда. Олар тіркелмегендіктен, тіпті нақты санын айту да қиын. Олардың ішінде екі, үштілдік те, терминологиялық та сөздіктер бар. Әртүрлі көзқараспен, ешбір мақұлданбастан шыққан сөздіктерде бірізділік жоқ екендігі түсінікті. Ал бұл сөздіктерді оқушылардан бастап, әр буынның, әр мекеменің қызметкерлері пайдаланады», – деді ол.

«Бүгінгі таңда – қазақ терминологиясының қайта қалыптасу кезеңінде бүкіл елдің назарына ұсынылатын сөздіктерде бірізділіктің болмауы саланың дамуына кедергі келтіріп, тиісінше іс жүргізуде келеңсіздіктер туғызуда. Терминология саласы бойынша еліміздің аумағында шығарылатын барлық сөздіктерге сараптама жасап, мақұлдайтын, терминдерді біріздендіріп және реттейтін, жұмысты жүйелі түрде жүргізетін мекеме болмағандықтан, терминологиялық лексиканы біріздендіру және реттелген терминологиялық қорды қалыптастыру мәселесі шешілмей отыр», – деп атап өтті С.Сәлемов.

Айта кетейік, отырыс қорытындысы бойынша арнайы терминология институтын ашу, оны республикалық бюджеттен қаржыландыру, нормативтік құқықтық қамтамасыз ету бойынша пысықталған ұсыныстар енгізу, еліміздің аумағында шығарылатын барлық сөздіктердің арнайы терминологиялық институтта сараптамадан өтуін міндеттеуді заңдастырудың мүмкіндіктерін қарастыру, Мемлекетік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия хатамасы тармақтарының толығымен іске асыру және басқа да нақты ұсыныстар жасалды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385