Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 10568 0 пікір 7 Қазан, 2014 сағат 10:57

«РЕСЕЙДІҢ ЖАРТЫСЫН ҚАЗАҚСТАНҒА БЕРУ КЕРЕК...»

Белоруссия президенті Александр Лукашенко «Euronews» телеарнасына берген сұхбатында Ресейдің Қырымды өзіне қосып алу саясатын сынай келіп, былай деді:

«Қазір көптеген адамдар Қырым Украинаға қарамауы тиіс еді, Қырым – РФ-ның территориясы деп жүр. Бұл дұрыс емес. Олай болса, Бату ханның кезеңіне оралайықшы... онда Қазақстан мен Моңғолияға және басқаларға Ресей территориясын қайтарып беру керек болады».

Кедендік одақ, Еуразиялық одақ сықылды Ресеймен одақтастық құрып жатқан Белоруссия президенті Александр Лукашенко Еуропа төрінде Ресейді осылай деп бір түйреп өтті.

Қазақстан президенті Н.Назарбаев Ұлытауда берген сұхбатында: «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз» деген еді http://abai.kz/post/view?id=1498.

Іле Ресей президенті В.Путин «Селигер» жастар форумында өзіне Қазақстан жайлы сауал қойған студент қызға жауап бере келіп: «Қазақтарда ешқашан мемлекет болмаған» деген сөз айтты http://abai.kz/post/view?id=1543.

Алайда, Ресей президентінің бұл сөзіне Қазақстан тарапы ешқандай ресми түсініктеме талап еткен жоқ. Бар болғаны, қоғамның белгілі бір бөлігі шуылдап барып басылды...

Қазақстан, Ресей, Белорус президенттерінің арасында арагідік болса да осы тектес ырғасулар болып тұрады. Бірақ, ол негізгі саяси шешімдерге әсер еткен емес. Мұндай сөзбен ырғасу көз қылу үшін әдей жасала ма, әлде шын ойлары сол ма, ол жағы бір Құдайға аян...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385