Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4376 0 пікір 23 Қыркүйек, 2014 сағат 14:15

TURKVIZYON – 2014 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ!!!

2014 жылдың 19-21 қарашасы аралығында осы жылы түркі әлемінің мәдени астанасы атанған РФ Татарстан Республикасының Қазан қаласында түркітілдес елдер үшін ең маңызды музыкалық жыл жаңалығы «Turkvisyon-2013» өткізіледі деп хабарлайды ұйымдастырушы «ADAM Media Group» компаниясы. Бұл көптеген мемлекеттер үшін «Евровидение» байқауын алмастыра алатын халықаралық деңгейдегі жаңа ән байқауы. Әлемдік музыкалық өндірісте үлкен құбылыс болғалы тұрған байқау түркі музыкасының өкілдерін бір сахнада тоғыстыруды мақсат тұтады. Байқаудың аудиториясы үлкен – 300 миллион көрермен. 

     Биыл Әзірбайжан, Алтай Республикасы, Башқұрстан, Беларусия, Босния мен Герцеговина, Грузия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Македония, Молдова, Қырым Республикасы, Солтүстік Кипр, Татарстан, Түркменстан, Түркия мен Өзбекстанның байрағын ұстаған қатысушылар түркі әлемінің үздік даусы атағы үшін бәйгеге түседі.

    Қазақстан намысын әлемдік сахнада кім қорғайды? Байқауда өз бағыңды сынап көр!

Қатысушылардың өтініштері 12 қазанға дейін қабылданады.

Ұлттық іріктеу мен қазақстандық қатысушының байқауға қатысуы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

2014 жылдың  15 қазан күні  - Ұлттық іріктеудің жартылай финалы, 26 қазан - Астанада,  тікелей эфирде финал өтеді.

   «Turkvizyon» ән-додасын «TÜRKSOY» түрік мәдениетінің халықаралық ұйымының қолдауымен ТMB TV түрік телеарнасы ұйымдастырып отыр.

«Turkvizyon» - халықтық дауыс берудің әділдігі мен қорытындының ашық болу принціпін таңдаған, саяси, кәсіби қысымнан тәуелсіз бірінші музыкалық байқау. Бұл ешкімге ұқсамайтын, алпыс жылдық тарихы бар «Евровидениеге» көрініс, ауқым, техникалық жабдықталу жағынан есе жібермейтін думан болмақ.   

 

«Turkvizyon» байқауының мақсаты мен міндеті:

 

* Түркі жұртының мәдени, материалды мұраларын сақтау, дамыту және болашақ ұрпаққа жеткізу үшін түркітілдес халықтар арасында тығыз қарым-қатынас жасау, сонымен қатар түркітілді орындаушыларды қолдау және олардың бейнебаяндарын Түркия мен басқа мемлекеттерде жариялау. 

 

*​ Орталық Азия мен Қазақстан музыкасын танымал ету және дамыту;

 

* Әлемдік және ТМД музыка нарығында Қазақстан музыкасын дамыту;

 

*​ Мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру;

 Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340