Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 6547 0 пікір 22 Қыркүйек, 2014 сағат 10:02

АЙДОС САРЫМ. ЕЛ ҰРАНЫ ҚАНДАЙ БОЛҒАНЫ ДҰРЫС?

Көптеген елдердің мемлекеттік рәміздерінен (туы, әнұраны, елтаңбасы) тыс мемлекеттік ұрандары болады. Бұл ұрандар сол мемлекет халқының мұң-мұқтажын, арман-мұратын, ұмтылатын биігін айқындайды, елдік идеясы мен идеологиясына негіз болады.

Осы 23 жылда қаншама ұранды бастан өткердік. 3-4 жылда бір ұранды ауыстырып, тоздырып жатамыз.
Осыған орай сұрақ: біздің мемлекетке ұран керек пе? Керек болса қандай?
Маған екі нұсқасы ұнайды: 
1) Азаттық. Бірлік. Өрлеу.
2) Ұлт. Азаттық. Еңбек.

Түсініктірек болсын деп өзге елдердің мемлекеттік ұрандарын жиып-тергендей болдым. Салыстырып, ойланып көріңіздерші.

ТМД елдері
Әзірбайжан - «Odlar Yurdu» - Оттар елі
Армения – Бір ұлт – бір мәдениет
Белоруссия – Жыве Беларусь! (белор., Жасасын Беларусь!)
Грузия - ძალა ერთობაშია! (Dzala ertobashia) (груз., Күшіміз - бірлікте)
Украина — Слава Україні! (укр., Украина жасасын!) 
Өзбекстан — Kuch Adolatdadir! (өзб. Күш әділеттілікте!)
Түрікменстан — Garaşsyz, Bitarap, Türkmenistan - Тәулсіз, Бейтарап Түрікменстан.

Еуропа және Батыс елдері
Австралия – «Advance Australia» - Алға, Австралия!
Андорра - Virtus, Unita, Fortior (лат., Иман, Бірлік, Күш-Қайрат)
Бельгия - Eendracht maakt macht, L’union fait la force and Einigkeit gibt Stärke (голл., фр. и нем., Бірлік күш береді)
Болгария - Съединението прави силата (болг., Бірлік күш береді).
Германия - Einigkeit und Recht und Freiheit (нем. Бірлік, Құқық және Азаттық).
Грекия - Ελευθερία ή θάνατος (Eleutheria i thanatos) (грек. Азаттық немесе өлім). 
Ирландия — Éirinn go Brách, Ирландия мәңгілік).
Испания — Plus Ultra (лат., Шектен тыс).
Канада - A mari usque ad mare (лат., Теңізден теңізге дейін). 
Латвия — Tēvzemei un Brīvībai (латыш., Атамекен мен азаттық үшін!).
Литва — Tautos jėga vienybėje (лит.,Ұлт қайраты бірлікте)
Лихтенштейн — Für Gott, Fürst und Vaterland (нем., Құдай, патша және атамекен үшін).
Люксембірг — Mir wëlle bleiwe wat mir sinn (люксем., Біз өзіміз болып қалғымыз келді).
Монако — Deo juvante (лат., Құдайдың көмегімен). 
Нидерланды — Je maintiendrai, Ik zal handhaven (фр., нидерл. Мен сақтаймын).
Польша — Bóg, Honor, Ojczyzna (польск., Құдай, намыс, Атамекен).
Сан-Марино — Libertas (лат., АзаттықСвобода). 
Сербия — Само слога Србина спасава (серб.,Сербтерді тек бірлік қана құтқарады).
Словения -— Stati inu obstati (словен., Тырмысып нәтижеге жету). 
АҚШ — In God We Trust (англ., Құдайға сенеміз) және E pluribus unum (лат., Көптен – бірлік). 
Франция - Liberté, égalité, fraternité (фр., Азаттық, теңдік, бауырластық).
Чехия - Pravda vítězí! (чех., Шындық жеңеді).
Швеция - För Sverige — i tiden (швед., Әрқашан Швеция үшін!);

Азия елдері
Вьетнам - Ðộc lập, Tự do, Hạnh phúc (вьетн., Тәуелсіздік, Азаттық, Бақыт)
Үндістан - सत्यमेव जयते (Satyameva Jayate) (санскрит, Ақиқат жеңеді!). 
Камбоджа - Nation, Religion, King (ағыл., Ұлт, Дін, Патша). 
КХДР - 강성대국 (强盛大國, Gang Seong Dae Guk) (корей., Дамыған және ұлы мемлекет).
Корея Республикасы — 홍익인간 (弘益人間, Hong Ik In Gan) (корей., Барша адамзат мұраты).
Лаос — Peace, independence, democracy, unity and prosperity (англ., Бейбітшілік, тәуелсіздік, Демократия, Бірлік және Өркендеу). 
Непал — जननी जन्मभूमिष्च स्वर्गादपि गरियसि (санскрит, Ана мен Отан аспан патшалығынан да қымбат). 
Тайланд —: ชาติ ศาสนา พระมหากษัตริย์ (тай.,Ұлт, Дін, Патша).
Сингапур — Majulah Singapura (малай., Енді тек Сингапур).
Филиппины — Maka-Diyos, Maka-Tao, Makakalikasan at Makabansa (филипп., Құдай, халық, табиғат және ел үшін).

Мұсылман елдері
Албания - Feja e Shqiptarit është Shqiptaria (алб., Албандықтардың ұстанымы – албанизм!; 
Ti, Shqipëri, më jep nder, më jep emrin Shqiptar (Сен, Албания, маған намыс бердің, сен маған албан деген ат бердің!)
Алжир - بالشعب و للشعب Bil-shaʿb wa lil-shaʿb (араб., Адамдардан және адамдар үшін)
Бруней - الدائمون المحسنون بالهدى (араб., Алланың айтқанымен қызмет ету). 
Индонезия — Bhinneka Tunggal Ika (Әралуандылық бірлігі).
Иордания — الله الوطن المليك (Allah, Alwattan, Almaleek) Құдай, Ел, Тәуелсіздік. 
Ирак — الله أكبر (Allahu Akbar). 
Иран - Esteqlāl, āzādī, jomhūrī-ye eslāmī[33] (парс., Тәуелсіздік, Азаттық, Ислам Республикасы) және 
Allaho Akbar .
Мавритания — شرف إخاء ع or Honneur, Fraternité, Justice (араб. и фр., Намыс, бауырластық, әділеттілік).
Малайзия — Bersekutu Bertambah Mutu (малай., Бірлік – күш). 
Марокко — الله، الوطن، الملك (араб., Құдай, Ел, Патша). 
Біріккен араб әмірліктері— Құдай, Ұлт, Президент.
Пәкстан — Ittihad, Yaqeen-mukkam, Nizam (урду, Бірдік, Сенім, Тәртіп). 
Сауд Арабиясы — لا إله إلا الله محمد رسول الله (lā ilāhā illā-llāhu; muhammadu-r-rasūlu-llāhi).
Сирия - وحدة ، حرية ، اشتراكية (Wihdah, Hurriyyah, Ishtirākiyyah) (араб., Бірлік, Бейбітшілік, Социализм). 
Судан — النصر لن (Al-Nasr Lana: араб., Жеңіс біздікі!). 
Тунис — Order, Freedom, and Justice (англ., Тәртіп, Бейбітшілік, Әділеттілік).
Түркия — Egemenlik kayıtsız şartsız milletindir. (Егемендік ұлтқа жауапкершілік жүктейді)

Африка елдері
Ангола - Virtus Unita Fortior (лат., Бірлік күшке айналады)
Бенин - Fraternité, Justice, Travail (фр., Бауырластық, Әділеттілік, Еңбек).
Ботсвана - Pula (тсвана, Жаңбыр). 
Буркина-Фасо - Unité, Progrès, Justice (фр., Бірлік, Өрлеу, Әділеттілік).
Бурунди - Unité, Travail, Progrès (фр., Бірлік, Еңбек, Өрлеу). 
Габон - Union, Travail, Justice (фр., Бірлік, Еңбек, Әділеттілік).
Гамбия - Progress, Peace, Prosperity (ағыл, Өрлеу, Бейбітшілік, Өркендеу)
Гана - Freedom and Justice (ағыл, Азаттық және әділеттілік).
Гвинея - Travail, Justice, Solidarité (фр., Еңбек, Әділеттілік, Ынтымақ).
Гвинея-Бисау - Unidade, Luta, Progresso (порт., Бірлік, Күрес, Өрлеу). 
Замбия - One Zambia, One Nation (ағыл, Бір Замбия — бір ұлт).
Зимбабве — Unity, Freedom, Work (ағыл, Бірлік, азаттық, еңбек).
Кабо-Верде - Unidade, Trabalho, Progresso (порт., Бірлік, Еңбек, Өрлеу).
Камерун - Paix — Travail — Patrie (фр., Бейбітшілік, Еңбек, Атамекен). 
Кения - Harambee (суахили, Бәріміз бірге жұмыс істейікші). 
Конго ДР - Justice — Paix — Travail (фр., Әділеттілік, Бейбітшілік, Еңбек).
Конго Республикасы - Unité, Travail, Progrès (фр., Бірлік, Бейбітшілік, Өрлеу). 
Кот-Д,Ивуар - Union, Discipline, Travail (фр., Бірлік, Тәртіп, Еңбек). 
Лесото — Khotso, Pula, Nala (сесото, Бейбітшілік, Жауын, Өркендеу). 
Либерия — The love of liberty brought us here (ағыл., Азаттыққа деген махаббат бізді осында алып келді).
Мадагаскар — Tanindrazana, Fahafahana, Fandrosoana (малагас., Атамекен, Азаттық, Өрлеу).
Намибия — Unity, liberty, justice (англ., Бірлік, Азаттық. Әділеттілік).
Нигерия — Unity and Faith, Peace and Progress (ағыл, Бірлік пен Сенім, Бейбітшілік пен Өрлеу).
Свазиленд — Siyinqaba (свати, Біз - қамалмыз).
Сенегал — Un peuple, un but, une foi (фр., Бір халық, бір мақсат, бір дін). 
Унанда — For God and My Country (англ., Құдай мен мемлекетім үшін). 
ОАР — !ke e: /xarra //ke (ксам, Әртүрлі адамдар бірігеді).

Латын Америкасы елдері
Антигуа және Барбуда - Each endeavouring, all achieving (ағыл. Әркімнің ұмтылысы – баршаның жеңісі).
Аргентина - En Unión y Libertad (исп., Одақта және азаттықта).
Боливия - La Unión es la Fuerza (Күшіміз - бірлікте).
Багам аралдары - Forward, Upward, Onward Together (ағыл, Бірігіп алға, жоғары, әрі қарай).
Барбадос - Pride and Industry (ағыл, Намыс және Талап).
Белиз - Sub umbra floreo (лат., Мен көлеңкеде де гүлденемін).
Бермуд аралдары - «Quo fata ferunt» (лат. Тағдырдың жазғаны болады). 
Бразилия - Ordem e progresso (порт., Тәртіп пен өрлеу).
Венесуэла - Dios y Federación (исп., Құдай және Федерация)
Гаити - L’union fait la force (фр., Күш – бірлікте).
Гайана - One people, one nation, one destiny (ағыл, Бір халық, бір ұлт, бір тағдыр). 
Гватемала - Libre Crezca Fecundo (исп. Азат және бай болып өркендеу).
Гондурас - Libre, Soberana E Independiente (исп., Азат, Егемен және Тәуелсіз). 
Гренада - Ever Conscious of God We Aspire, and Advance as One People (ағыл., Құдайды мойындай отырып, біз біртұтас ұлт болуға тырысамыз).
Гуам - Where America’s day begins (англ., Американың күні басталатын жер)
Доминика - Après Bondie, C’est la Ter (патуа, Құдайдан кейін Жерді жақсы көреміз). 
Доминикан Республикасы - Dios, Patria, Libertad (исп., Құдай, Мемлекет, Азаттық).
Кайман аралдары - He has founded it upon the seas (англ., Құдай оны теңізде жаратты). 
Колумбия - Libertad y orden (исп., Азаттық және тәртіп). 
Коста-Рика - Vivan siempre el trabajo y la paz (исп., Еңбек пен Бейбітшілік жасасын). 
Куба - Patria o muerte (исп., Отан немесе өлім). 
Мексика — Viva Mexico! - (Мексика жасасын!)
Никарагуа — En Dios Confiamos (исп., Құдайға сенеміз). 
Панама — Pro mundi beneficio (лат., Адамзат игілігіне). 
Парагвай — Paz y justicia (исп., Бейбітшілік және әділетті сот).
Сент-Китс и Невис — Country Above Self (англ., Елім өзімнен биік). 
Суринам — Justitia, pietas, fides (лат., Әділеттілік, иман, адалдық). 
Уругвай — Libertad o Muerte (исп., Азаттық немесе өлім). 
Чили — Por la razón o la fuerza (исп., Құқықпен немесе күшпен). 
Эквадор — Dios, patria y libertad (исп., Құдай, Отан және Азаттық).
Ямайка — Out of many, one people (англ., Көптеген адамнан – біртұтас халық).

Ал Сіз не дейсіз? 

Айдос Сарым

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340