Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3566 0 пікір 15 Қыркүйек, 2015 сағат 11:53

ҚЫТАЙ БАНКІ ЕЛІМЗЕДГІ 45 ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРМАҚ

Бұлар негізінен жел қуаты мен металлургия саласы бойынша жасақталған ірі жобалар екен. Біздің «Бәйтерек» холдингі мен Қытай банкі 45 бірлескен жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобын құрады.

Бірлесіп атқарар жобалардың тізімінде ірілерімен қатар, шағын және орта бизнеске арналған жобалар да бар. Бұл туралы холдинг басқармасының бастығы Қуандық  Бишимбаевтың өзі мәлімдеп отыр. Жел қуаты мен металлургияға бағытталған ірі жобалардың құны 600 млн доллардан басталып, 1 млрд долларға дейін жетеді.

Арнайы жұмыс тобы Елбасымыз Қытайға барған кезінде қабылданған меморандум аясында құрылмақ. Меморандум жасасу кезінде Қытай банкі Қазақстанның индустрияльды-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жобаларға 5 млдр долларға дейін қаржы бағыттауға әзір екендіктерін білдірген болатын.

«Қытай банкі мен «Байтерек» холдингі арасында  келісім жасалды. Енді 45 жобаны бірлесіп атқаруға кірісеміз», – деп Қуандық Бишимбаев мәлімдегеннен кейін Қытай банкі басқармасының төрағасы Тянь Гуоли қаржы институтының жел және электроэнергетика саласындағы жобаларды қаржыландыруға мүдделі екендіктерін мәлімдеді. Дегенмен, Қазақстан тарапына қаржыландырылуы тиіс жобалардың тізімін тез арада ұсынылуын еске салуды ұмытпады. Қ. Бишимбаев бұл кездесуде алғашқы жобаларды бірнеше күннің ішінде ұсынатынына уәде берді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498