Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3414 0 пікір 15 Қыркүйек, 2015 сағат 08:53

НАЗАРБАЕВТЫҢ ТӘЖІКСТАНҒА САПАРЫ КЕЗІНДЕ НАЗАРЗОДА ҚОЛҒА ТҮСТІ

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тәжікстан Ауғанстанмен шекаралас ретінде, терроризм мен экстремизммен күрестің өтінде тұр»,- деп мәлімдеді. Ол Тәжікстандағы соңғы оқиғалар сыртқы әсердің ықпалынсыз болмағанына сенімді екенін айтты. 

Назарбаевтың Тәжікстанға сапары елдің бұрынғы қорғаныс вице-министрі Абдухалим Назарзоданы қолға түсіру операциясымен сәйкес келді. Душанбе билігінің дерегі бойынша, Абдухалим Назарзода басқарған қарулы топ Душанбе мен Бахдат қалаларында полицияға шабуыл жасаған. Ол шабуылдардан 9 полиция қаза тауып, он шақтысы жараланған. 11 күндік операция барысында «қарулы топқа мүше» делінген 150-дей адам өлтірілген және ұсталған.

Екі ел басшылары кездесу барысында алты құжатқа қол қойды. Олардың арасында екі елдің стратегиялық әріптестігі туралы келісім де бар. Ресми мәлімет бойынша, бұл екі елдің арасындағы тауар айналымы 2014 жылы алдыңғы жылға қарағанда 20,5 пайызға өсіп, 859 миллион долларға жеткен.

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2392
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5334
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4603