Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4902 0 пікір 14 Қыркүйек, 2015 сағат 10:47

ЖАЛАҢАШ ҚЫЗДАР МҰСЫЛМАНДАР МӘСЛИХАТЫН ТОҚТАТТЫ

Париж шетіндегі француздардың Понтуаз қаласында өтіп жатқан мұсылмандар мәслихатын феминистік жанжалқор FEMEN қозғалысының белсенділері бөліп жіберді, - деп хабарлайды tengrinews.kz NEWSru.co.il сайтына сілтеме жасап.

Екі қыз сахнаға шығып, өз әйелдерін ұру құқығы туралы мұсылман уағызшысы Надер әбу Анас лекция оқып жатқанда киімдерін шешіп тастады. Жартылай жалаңаш қыздар микрофонды алып, араб және француз тілінде ұрандата бастады.

Мәслихатқа қатысушылар тарқасуға бірден шешім қабылдаған. Наразылық шарасын күзетшілер тоқтатты. Олар қыздарды сахнадан  итеріп, ұрып-соқты. Қазір олар бұзақылық үшін қамауда отыр.

Басылымның мәліметінше, қыздардың бірі 25 жаста, ал екіншісі 31-де. Олар Тунис пен Алжирдің тумалары, мұсылман отбасында тәрбиеленген.

tengrinews.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475