Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3873 0 пікір 11 Қыркүйек, 2015 сағат 10:11

ҚОСТАНАЙ ӘКІМІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов екі айға үй қамауына алынды. Қамауға алу туралы санкцияны Қостанайдың №2 сотының судьясы Ләззат Мұхамеджанова шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ахметжанов ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 3-бөлігі және 4-бөлігі бойынша ("Қызметтік өкілін теріс пайдалану") және 365-баптың 3-бөлігінің 1-тарауы бойынша ("Заңды кәсіпкерлік әрекетке кедергі келтіру") айып тағылып отыр.

Тергеу материалдарына сәйкес, Ахметжанов автомобильдерге арналған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысына жәрдемдескен және балабақша құрылысында "Стройметсервис" ЖШС-ның мүддесін заңсыз қорғаған.

Осыған дейін оның тағылған айыптармен келісіп, өз кінәсін мойындағаны және тергеуге қатысатыны жайлы хабарланған болатын. Осыны есепке алған прокурор Ахметжановты үй қамауына алу туралы бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады.  

Экс-әкімнің адвокаттары Ахметжановтың асырауында кәмелетке толмаған екі баласының барын, олардың бірінің 2 жасқа толғанын есепке алуды сұрады. Еске салайық, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов 8 қыркүйекте ұсталған болатын. Сол уақытта оған қызметтік өкілін теріс пайдаланды деген күдік келді.

Ал ұсталуының алдында Ахметжанов Қостанай әкімі қызметінен босатылған еді. Сол уақытта Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі оның қызметтен өз еркімен кеткенін хабарлап еді. Қала әкімінің міндетін атқарушы болып, оның бұрынғы орынбасары Қайрат Сәндібеков тағайындалды.

Ал мұның алдында Ахмедбек Ахметжановтың екі орынбасары - Мақсұт Қалиев пенФрунзик Аракелян ұсталған болатын. Қалиев 2015 жылдың 1 тамызында "Премиум Палас" мейрамханасының маңында ұсталды. Ал Аракелян 3 тамызда жұмыс бөлмесінде ұсталды. Сонымен қатар, кәсіпкер Гагик Овнанян да ұсталып отыр. Ол әкім орынбасарына пара берді делінеді. Үшеуі де қамауға алынған.

tengrinews.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445