Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3363 0 пікір 10 Қыркүйек, 2015 сағат 09:55

ТҚЖБ: ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУГЕ БӨЛЕК ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНБАҚ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына өтемақы төлеуге бөлек шешім қабылданбақ

Бүгін ҚР Ұлттық банкінде өткен брифингте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымдары бойынша бөлек шешім қабылданатыны белгілі болды.

- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен басқа, екінші деңгейлі банктер мен олардың салымшылары үшін өтемақы төлеу тәртібін қарастырып жатырмыз. Оған қатысты үкіметтің бөлек тапсырмасы бар. Ол – 1 қазанға дейін тетіктер әзірлеу, – деп мәлімдеді ҚР Ұлттық Банкінің төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов.

ҚТҚЖБ баспасөз қызметі де төлем тәртібінің осы айдың соңына дейін анықталатынын айтты. Өтініш беру уақыты тым қысқа болмайды. Барлық азаматтар құжат тапсырып үлгереді. Бұл үшін барлық шара жасалып жатыр.

ҚТҚЖБ хабарлауынша, 2015 жылдың 18 тамызындағы жағдай бойынша, 492 мың шарт жасалған. Соның ішінде, 435 мың шарттың қаражат көлемі 1 млн.теңгеден аспайды. Бұл – еліміздегі барлық теңгелей депозиттің 30%-ы. Қалған 57 мың шарттың депозитте жиналған қаражат көлемі 1 млн.теңгеден асық. Қазіргі кезде банк ұзақ мерзімді салымдар бойынша ЕДБ арасында бірінші орынды иеленіп отыр.

Сондай-ақ, банктің баспасөз қызметінің айтуынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық клиентінің мүддесі ескерілетін болады. Филиалдардың жұмысы ешқандай дүрбелең, абыр-сабыр тумайтындай, барлық азамат өтініш беріп үлгеретіндей етіліп ұйымдастырылмақ. 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435