Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 9797 0 пікір 9 Қыркүйек, 2015 сағат 11:48

ЩЕРБИНА ЭКСПЕДИЦИЯСЫ: ӘЛИХАННЫҢ ЕРЛІГІ

немесе 14 МЛН ГА ЖЕР БОС ЖАТЫР МА? 

Қазақстанда 14 млн. гектар жер пайдаланылмай жатыр. Бұл туралы солтүстіктегі астықты өңір әкімдерімен кеңес өткізген кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты деп хабарлайды www.inform.kz  (http://www.inform.kz/rus/article/2815387

 «Біз басты ресурс жерді тиімсіз пайдаланудамыз. Тек сіздердің үш облыстарыңызда ғана пайдаланымайтын 3,5 млн. гектар жер анықталды. Жалға алған, бірақ пайдаланбайды. Бұған жол беруге болмайды. Жалпы, еліміз бойынша 14 млн. гектар ауыл шаруашылығы жері, оның ішінде 5 млн. гектар жайылым жер пайдаланылмайды», — деп атап өтті Мемлекет басшысы. ҚР Президентінің алға тартқан деректеріне сәйкес, Қазақстанда шамамен 180 млн. гектар жайылым жер бар. Оларда бүгінде 6 млн. гектарында ірі қара, 15 млн. гектарында қой-ешкі өсірілуде. Ал, Австралияда 20 млн. гектар жайылымда 27 млн. ірі қара мен 90 млн. қой өсірілетін көрінеді.

Елбасымыз бұл сөзді неге айтты? Шындығында да қазақ жері игерілмей жатыр ма? Ол жер иесіз болса, оның егесі кім болмақ? Қазір бұл мәселе әлеуметтік желілерде де (қараңыз: https://www.facebook.com/profile.php?id=100003387158087&fref=ts) кең көлемде талқылануда? Олардың бір бөлігі Мемлекет басшысының бұлай айтуына жерден тапшылық көріп отырған Қытай еліне барған сапары себеп болды десе, екінші тарап «Ресей қазақ жерін сұрап отырған болар» деп долбарлайды. Әрине, Елбасымыздың атына негізсіз кір келтіретін мұндай пікірлер орын алмау үшін Мемлекет басындағы «көкелер» ойлануы қажет. Осындай кезде алаштың айтулы ұлы Әлихан Бөкейхановтың ерлігі еске түседі. Ол 1896-1903 жылдар аралығында Щербина экспедициясына мүше болып, қазақ жерін отарламақ болған орыс отарлаушыларына «қазақтың жерінде бос жатқан ұлтарақтай жер жоқтығын» ғылыми негізде дәлелдеп, қауіптің бетін бір қайтарып тастаған еді.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440