Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4357 0 пікір 9 Қыркүйек, 2015 сағат 09:59

ҚАТЫГЕЗ КЕЛІНШЕКТІҢ КҮЙЕУІ НАИБ-ИМАМ

Екі бірдей сәбиін терезеден лақтырып жіберген әйелдің күйеуі Саясат Көкенай жұмыс жасайтын «Байкен» мешітінің бас имамы Құлмұхаммед Маханбет әйелдің діни сеніміне қатысты негізсіз айыптауларға жол бермеуін сұрады деп хабарлайды Today.kz.

«Әрине, бұл өкінішті жағдай. Бәріміздің жанымызға батты. Ешқандай ана өз баласын өз қолымен өлімге қимайды. Ананың балаға деген мейірімі мол емес пе? Біз де бұл оқиғаның себеп-салдарын түсінбей отырмыз», — дейді Құлмұхаммед Маханбет.

«Саясат Көкенай есімді азамат «Байкен» мешітіне наиб имам (Бас имам орынбасары) қызметіне 2015 жылдың 16 қаңтарында қабылданған. Діни білімі жоғары азамат. Мешіт жамағаты да оны ерекше құрметтейді. Ал оның жұбайы мешітте қызмет етпейді. Алайда әйелдің діни сеніміне қатысты негізсіз айыптауларға, жалған ақпараттарға жол бермеулеріңізді сұраймын», — деп атап өтті мешіттің бас имамы.

«Қазір Алматы мешіттері атынан сол отбасыға материалдық көмек көрсетілді. Моральдық қолдау да көрсетіп жатырмыз. Біз діни қызмет барысында әр имамның тұрмыстық жағдайына, олардың отбасылық қарым-қатынасына көңіл бөлеміз. Бүгінде имамдарымыз бір-бірлерінің отбасыларымен жақсы қарым-қатынаста. Қазір сіздерге осы оқиғаға байланысты толыққанды ақпарат бере алмаймыз. Өйткені, өзіміз де оқиғаның себеп-салдарынан әлі толық хабарымыз жоқ. Тергеу, зерттеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құзырлы мекемелер өздерінің тексеру жұмыстарының нәтижесін айтатын болады», — делінген мешіттен келіп түскен хабарламада.

Естеріңізге салсақ, 5 қыркүйекте Алматының Сәтпаев көшесінде 33 жастағы әйел бесінші қабаттан кәмелет жасына толмаған екі баласын лақтырып жіберіп, артынша өзі де секіріп кеткен.

Nur.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408