ДОЛЛАР ТАҒЫ ДА ӨСТІ
KASE таңғы сессияның 8 қыркүйек күнгі қорытындысы бойынша, доллар бағамы 245,2 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, шетел валютасының кешегі орташа бағамы 234 теңге деңгейінде болды. Сатудың ең төменгі бағасы - 234,5. Ең жоғарғысы - 245,5. Келісімдердің жалпы көлемі 35,7 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының барлығы 20 мүшесі қатысты. Бұл аптада шетел валютасының құны валюта дәлізінен асып түсті - 239-242 теңге, ол өткен аптада сақталған еді.
Естеріңізде болса, 4 қыркүйекте доллар бағамы 240,96 теңге болған еді, ал таңғы сессия 239,60 теңгені көрсетті. Өткен апта 234,94 теңге бағамымен басталды. Алайда аз уақыттың ішінде баға 238,68 теңгеге дейін көтерілді.