БАНАННАН "ҚОРЫҚҚАН" – МАЙМЫЛМЫЗ...
Ертеде эксперимент жасалыпты. Бес маймылды торға қамап, жоғарғы жағына банан іліп қойыпты. Маймылдар бананға ұмтылған сайын үстінен мұздай су құяды екен.
Теперіш көре берген соң маймылдар банан аңсауын қойыпты. Енді ғалымдар бес маймылды бір-бірлеп жаңа маймылға ауыстырып отырыпты. Жаңадан келген маймыл бананға ұмтылса суық судан зəтті болған қалған маймылдар оны өлтіріп тұрып сабайды екен. Сөйтiп бес маймыл да басқа маймылдарға кезекпен орын босатыпты. Торда суық су азабын тартқан бірде-бір маймыл қалған жоқ. Енді қызығы жаңа бес маймыл да бананға ұмтылған маймылды таяқтайды. Осылай жалғаса берген...
Біздің қоғам да осы сияқты. Неше ғасырғы үрей бойымыздан кетер емес. Қоян да қаша-қаша батыр болады деуші еді ғой бабаларымыз. Біз қашан батыр боламыз осы?
Жанат Жаңқашұлы, facebook-тегі парақшасынан