МАНСУРДАН ВАККАСҚА ДЕЙІНГІ МАҢҒЫТ ЖҰРТЫ
Гази мен Ваккас кезіндегі Маңғыт жұртының саяси тарихы мәселесі тарихи әдебиеттерде осал қарастырылған.
Абдал Гаффар Кырымның мәліметіне сай, Гази мен Науруз ағалары Мансурдың өлімінен кейін Баракпен соғысқан. Сонымен қатар олар таққа Кучук Мұхаммедті отырғызған. Осыдан кейін Гази мен Кучук Мұхаммед Сарайшықтың даруға қызметін әлдебір Айиасқа сыйлаған [20, 95]. В.В.Трепавловтың пікірінше, Мансұр Хаджи-Мұхаммедтің немесе келесі нұсқа бойынша Гияс ад-Диннің, Кучук-Мухаммедтің және Барақтың тұсында, Науруз Ұлық Мұхаммедтің және Кучук-Мұхаммедтің тұсында, Кей-Кавад Пуладтың тұсында, Гази Кучук Мұхаммедтің және Джумадуктың тұсында беклербек болған.
Мұнда деректегі бірінші қайшылыққа тоқталуға болады. Қадығрали Жалаиридің жазғаны: Едігенің өлімінен кейін оның ұлы Мансұр Хаджи-Мұхаммедті хан етіп жариялады (Сафаргалиев, 1960, С. 202). Сол кезде Абдал Гаффар Кырыми жазды: «әкесінің өлімінен кейін Мансұр орыс жұртында жасырынды. Сосын Волгаға оралып, Гияс ад-дин бен Шәдібектің тұсында би болды. Ол екі жылдан соң қайтыс болып, Мансур таққа Кучук-Мухаммед бен Темір бен Темір-Құтлықты көтерді. Алайда көп кешікпей өзінің қамқорлығындағы жас адамға суып, шығыс ханы Барақты қолдауды шешті [20, 94].
Біздің пікірімізше, екі деректің әрқайсысы дұрыс, олардың арасында қайшылық жоқ. Едігенің өлімінен кейін Мансұр таққа Хаджи-Мұхаммедті көтеріп, бір жылдан соң оны Барақ құлатады, яғни тақтан түсіреді. Бәлкім, осында Хаджи-Мұхаммед өлтірілген болуы керек. Мансұр болса орыс жұртына қашады. Осыдан кейін ол Булгарға оралып, осы кезде Булгарда тиын соққан Гияс ад-Динді таққа көтереді. А.Г.Мухаммадиевтің пікірінше, Гияс ад-Диннің тиындары Булгарда 1422-1425 жылдары соғылды [11. 127]. Бәлкім, оның билік еткен уақытын, Мансұр «орыс жұртынан» оралғандағы, 1423-1425 жылдарға шегерген дұрыс шығар. Гияс ад-Диннің Қырымдағы билік еткен уақыты екі жылды құрады, сөйтіп Мансұр 1425 жылы хансыз қалды деп болжауға болады. Біздің пікірімізше, ол кезде Мансұр Кучук-Мұхаммедті таққа әлі көтерген жоқ, мұны тек әлі ойланды. Әрине, Кучук-Мұхаммед Мансұрдың туысы, себебі оның анасы Едігенің ұлы не Нураддинің (Натанзидің тегерандық аудармасы бойынша) [20, 58] қызы, не Едігенің өз қызы (АОТМЖ алынған Натанзидің аудармасына сай) [4, 263] болды деген И.Л.Измаиловпен келісуге болады.
Сонымен, Русьқа қашқаннан және Гияс ад-Диннің билігінен кейін Мансұр (анасы жағынан немере ағасы) туысы болатын Барақпен татуласуды шешті. Бұл туыстастық Едігенің және Барақ туыстарының тығыз байланысының нәтижесі болған көрінеді. Барақтың үш немере ағасы (Орыстың ұлы Тоқтақияның балалары) Бугучак, Тенгри-Берді және Анике-Пулад Едігенің 1408 жылғы Москваға жорығына қатысты [18, 37]. Бұл жерде Муизз ал Ансаб пен Таварихи Гузидайи Нусрат-намеде шатастыру болғанын атап өту керек. Муизз ал Ансабтағы Аникеге жұрнақ болған Анике-Пуладқа [4, 112] қатысты, ал Таварихи Гузидайи Нусрат-намеде Йагуджак-анеке, Пулад айтылған. Оның үстіне Йагуджак оның балаларын тізіп айтқанда Анике жұрнағынсыз қолданылады [4, 438]. Бәлкім, мұнда Муизз ал Ансаб дұрыс, ал Таварихи Гузидайи Нусрат-намеде үшінші есімнің басы екінші есімнің соңын алған қате жіберілген. Муизз ал Ансабта геометриялық фигурлардағы есімдер дұрыс бөлінген.
Егер осы болжамнан шықсақ, онда Едігенің Барақтың қарындасы Куйурчуктың қызына үйлену фактісін түсіндіруге болады. Бұл Куйурчук өлімінен кейін, Орыс-ханның ұрпағы билік үшін Едігемен күресудің орнына (олардың ресурстары тең емес-тін), бағынуды шешкен соң болған көрінеді. Аталған шешім Едігенің және Куйурчук қызының некелік одағымен бекітілді. Бұл әркеттер XIV ғасырдың 90-шы жылдары болған болар.
Самаркандиде Барақтың Мұхаммед ордасын басып алғаны жайында екі рет жазылған: Хижраның 826 жылы (15.12.1422-04.12.1423) Барақтың Мұхаммед-хан ордасын басып алғаны туралы Шахмаликтен Шахрухқа хабар келді, ал осыдан бір жыл бұрын Мұхаммед-ханнан Шахрухқа елшілер келген болатын. Төменде хижраның 830 жылғы хабарламасында 828 жылы Барақ Мұхаммед ордасын басып алғаны, ал 829 жылы Сығнаққа келгені жазылған [4, 374]. Жылнамашы мұнда 826 жылғы оқиғаны айтқан болар, алайда мерзімінен қателескен. Никон жылнамасында Барақ 1422 жылы айтылған, ендеше 1422 жылдың екінші жартысында Барақ Хаджи-Мұхаммедті құлатқан, тіпті өлтірген деп пайымдауға болады. 1422 жылдың қыркүйегінде Барақ Ұлық Мұхаммед пен Давлетбердінің немерелес ағасы Құдайдат-ханды [5, 205] жеңді
1424 жыды Худайдат Одой князінің жеріне басып кіріп, ұлы князь Василий Московский оны талқандайды. М.Г.Сафаргалиевтің пікірінше, ол бұған дейін Ұлық-Мұхаммедті қуып жіберіп және сөйтіп Ұлық-Мұхаммед Витов иелігіне пайда болды [17, 199]. Алайда, бұл жерде қарсылық танытуға болады, Худайдат Ұлық-Мұхаммедтің немерелес ағасы: Ендеше Ұлық-Мұхаммед өзінің немерелес інісіне бәсекелес болуы екіталай. Ол оның серіктесі болған шығар және Худойдаттың Москва княздығынан жеңілуі оның Витовта пайда болуына себеп болды. Осыдан кейін Худойдат мәлім емес, ал Ұлық-Мұхаммед Витов хаттарында хан ретінде (алғаш рет 1424 жылы 22 маусымдағы хатта) айтылады.
Мұнда Шәдібектің ұлы Гияс ад-Диннің билігі туралы да айтқан жөн. Қырымидің мәліметіне сай, ол екі жыл билеп, сосын қайтыс болған. Ал Нумизматикалық материалдың мәліметіне сай ол 1430-шы жылдары билеген [11, 134]. А.Г.Мухамадиевтің нұсқасы бойынша, Гияс ад-дин екі рет билеген және оның билігі арасында Ұлық Мұхаммед билеген. Бұл нұсқаны А.Г.Гаев нумизматикалық материал анализінің негізінде жоққа шығарды [2, 35].
1430 - шы жылдары Гияс ад-Дин тірі билеуші ретінде айтылмағандықтан, аталған фактілердің жазба деректерде дәлелі жоқ. Одан басқа, 1429 жылғы Булгарға жорықты Махмуд-ходжа және Али-бей (Али-баба) басқарды, ал ешқандай Гияс ад-Дин орыс жылнамаларында тіркелмеген, егер ол соншалықты ұзақ уақыт билеген болса, ол тіркелген болар еді. Сонымен, Гияс ад-дин Мансұрдың көмегімен небары екі жыл 1423-1425 жылдары биледі деп болжаймыз. Түркілердің Шежіресінде Гияс ад –Дин Барақтың және Темір-ханның ұлы (Кучук-Мұхаммед) Мұхаммедтің арасындағы хан ретінде айтылған [4, 400]. Бұл Гияс ад-Диннің Барақпен қатар Кучук-Мұхаммедке дейін билегені туралы нұсқаны жанама дәлелдейді.
Одан әрі 1426 жылы Барақ пен 1425 жылы оның жағына шыққан жаңа одақтасы Мансұр Ұлық Мұхаммедтен талқандалып, Шығысқа жылжығаны туралы Т.И.Сұлтановтың пікірімен келісуге болады [5, 207].
Екі деректің қарама-қайшы анализіне негіздеп, Мансұр Едіге өлімінен кейін Барақтан жеңіліс тауып, сосын қайтыс болған Хаджи-Мұхаммедті таққа көтергені туралы болжауға болады. Мансұр Русь территориясына қашты, одан Булгар вилайетіне оралып, шамамен 1425 жылы қайтыс болған Гияс ад-Динді хандыққа ұсынды. Осыдан кейін оның алдына екінің бірін таңдау, яғни дилемма туындады, не Кучук Мұхаммедті хан көтеру, немесе Барақтың беклербегі болу. Ол екіншісін таңдады да, Кучук-Мұхаммед ол жолы хан болған жоқ. Мансұрдың өлімінен кейін, оның ағалары Сұлтан-Махмуд, Гази және Науруз Бараққа қарсы шығып, және оның өлімінен кейін Моғолстанмен шекарада таққа Кучук-Мұхаммедті көтерді.
Бұрын Бараққа қарсы шайқасқа Махмуд-ходжа, Науруз және Кази қатысты деп ойлағамыз. Сонымен, Махмуд-ходжа ағалы-інілі Қазидың және Нуруздың ханы болды [13, 169].Аталған пікірмен Д.Н.Маслюженко келісті[6, 98]. Сондай-ақ, мұнда біз Газимен және Наурузбен шайқаста Барақтың қарсыласына қатысты өз көзқарасымыздың өзгергенін көрсетуді жөн көрдік. Қ.З.Өскенбайдың пікірі бойынша, Сұлтан-Махмұдтың Барақты жеңгені туралы Самаркандидегі мәлімет, не Сұлтан-Махмудтың, не Ұлығбектің жалған ақпараты [21, 25]. Жалған ақпарат үшін ешқандай себеп болған жоқ, сондықтан біз аталған пікірмен келіспейміз. Мұндай жалған ақпараттың ешқандай саяси дивиденді болған жоқ. Бұл жерде Сұлтан-Махмұд Самаркандиде Джалал ад-Дин қарындасының және Едігенің ұлы ретінде айтылған [4, 368-369], Бараққа қарсы күрескен Сұлтан-Махмуд Едігенің ұлы болғанын және ағалары Қазимен және Наурузбен бірге ағасын өлтіргенге қарсы күрескенін біз толығымен болжай аламыз. Сондай-ақ, Абдал Гаффар Кирими дерек ретінде [21, 25] сенімге тұрарлық деген Қ.З.Өскенбайдың дәйексөзімен жартылай келісуге болады, бірақ та Қазидың және Науруздың ханы Ұлық –Мұхаммед болды деген Қ.З.Өскенбайдың дәйексөзімен келісе алмаймыз. Біздің пікірімізше, ағалы-інілі Қази, Науруз және Сұлтан-Махмұд Бараққа қарсы (Абдал Гаффар Кырымидің мәліметіне сай) бұл кезде әлі кәмелет жасқа толмаған және ағалы-інілі Қази, Науруз және Сұлтан-Махмуд үшін қолайлы Кучук Мұхаммедті ұсынған [16, 101]. Барақтың өлімінен кейін Кучук Муұаммед хан етіп жарияланды. Бұл шайқас болып өткен Моғолстанмен шекарада болған болар.
Сонымен Гази тұсында кім хан болғанын және Сұлтан-Махмұдпен не болғанын талдау үшін деректердің екі тобын қарастыруға болады:
1. Абдал Гаффар Кырыми Гази мен Науруз Мансұр өлімінен кейін Кучук Мұхаммедті хан көтерген тарихты мәлімдейді. Абдал Гаффар Кырыми мейлінше соңғы дерек, дегенмен Ширин руынан шыққан және Қырымда өмір сүрген автордың Мансұрлар арасында күнділікті айтылған аңызды жазып алуы толығымен мүмкін. Мансұрлар беклербек Мансұрдың ұрпағы екеніне күмәнданбауға болады, ендеше бұл шығарманың тиімді дәні бар.
2.Ортаазиялық деректер:
2.1. Фасих жинағының мәлімдеуінше, хижраның 832 жылы (1428-1429 жыл) «Бурак огланды Махмұд Сұлтанның Могол[истан]да өлтіргені туралы хабар келді... Махмұд Сұлтанды Могол[истан]да Мұхаммед Газидің жазалауы»[1] [22, 202-203]. Барақтың өлімі туралы хабар 3 джумад ал-аввальде (1429 жылдың 8 ақпаны) тіркелген хабарға дейін айтылған. Ал Махмұд Сұлтанды жазалау туралы хабар 17 шаввалда (1429 жылдың 20 шілдеде) тіркелген хабардан кейін айтылған. Ендеше, бұл екі оқиға арасында жарты жыл үзілістен кейін болған.
Самаркандидің екі қолжазбасы:
2.2. «Моғолстанда ұлы шайқас болып және Сұлтан-Махмұд Барақты өлтірді... Мауреннахрдан қайтадан шабарман келіп моғолдарда Махмұд-Газидің Сұлтан-Махмұд-огланды өлтіргенін жеткізді» [9, 168]. Бұл жерде оглан жұрнағы еркектер линиясы бойынша Шыңғыс-хан ұрпағын білдіреді, алайда, Сұлтан –Махмұд түрлі тізімдерде оглан жұрнағымен және жұрнағынсыз айтылады, ал жоғарыда Самаркандиде ол Едігенің ұлы ретінде айтылғанын атап кеткен жөн.
2.3. «Сұлтан-Махмұд (С қолжазбасына оглан ретінде қосылған) пен Барақ-оглан арасында Моғолистанда үлкен шайқас болып өтті және Барақты Сұлтан-Махмұд өлтірді» [4, 378].
Нәтижесінде, Самаркандидің екі қолжазбасының дереккөзі болған не Фасихитің өзі, не Фасихтің дерегі, оның үстіне Фасихтағы оқиғалар түпнұсқаға мейлінше жақын сипатталған.
Шындығында, ағалы-інілілердің Барақты жеңгеннен кейін, Қази өзінің немерелес ағасы Сұлтан-Махмұдты өлтіруі мүмкін деп біз болжай аламыз. Мұны Науруздың қалай Ұлық Мұхаммедке тап болғаны түсіндіре алады: ол Қази тарапынан қудалаудан қауіптеніп, Кучук Мұхаммедтің қарсыласы - Ұлық Мұхаммед ханға қашуына болар еді. Қазидің озбырлықпен билегені туралы жанама факті Тарихи Әбілхаир-ханиден үзіндіде айтылған:
Дешті-Қыпшақ көсемдері мен әмірлері Гази-бидің жауыздығына шыдамдары таусылып және оның қанауы мен зорлығынан еңірегенде, олар [әмірлер мен көсемдер] келісіп, оны өлтіріп, бұл мемлекет тұрғындарының басынан жауыздықтың бетін әрі қылды. [Осыдан кейін] үміті ақталған [олар] Джумадук-ханның сарайына бет алды. [Джумадук-] хан сарайына жетіп, [олар] [оған] қызметке тұру және ұлы әмірлер мен жоғары мәртебелі ханның малайлары қатарында беку құрметіне ие болды. Алайда, олардың Джумадук-хан рақымшылығына және құрметіне бөлену үміті ақталған жоқ және жоғарыда аталған хан падишахтық өркөкіректігінен және жоғары билеушіге тән пиғылынан ол адамдардың жағдайына назар аударған жоқ[8, 141].
Бұрын біз Газиді өлтірген аталған әмірлер кезінде Гази беклербек болған Махмуд-ходжа-ханнан қашты деп болжағамыз [15, 111].
Алайда, қазіргі болжамымыз бойынша, Гази Кучук-Мұхаммед тұсында беклербек болған екен. Ал Джумадук Темірліктермен одақтық байланыста болды, Темірлерге Барақтың елшісі болып барып және Барақ пен Темірліктердің қатынасы шиеленіскен кезде, ол хан болып жарияланды. Сонымен, Газиді өлтірген әмірлер, Гази беклербегі болған Кучук-Мұхаммедпен қайшылықты қатынаста болған, Джумадук ханға қашты. Біз білетіндей, Газидің мирасқорлары болған маңғыттар басындағы Ваккас және Аббас [20, 99]. В.В. Трепавловтың пікірінше, Ваккастың Гази өліміне қатысы болуы мүмкін [20, 100]. Оның үстіне, Мансурдың ұлы Темір маңындағылардың Ваккасқа ұстанғандары мүлдем туыстық сезім емес екенін В.В. Трепавлов атап өтеді [20, 99]. Бізге бұл Ваккастың Әбілхайыр-хан үшін «Саин-ханның тағын екі рет басып алуымен» байланысты сияқты көрінеді [20, 98]. Екінші рет Әбілхайыр-ханның Кучук-Мұхаммедовичпен шайқасы кезінде болды, ал бірінші рет Әбілхайыр-ханның Төменгі Еділ бойын иелену уақытын анықтау қиынға соғады.
Әбілхайыр-хан мемлекетіндегі Ваккас рөлі мәселесі өте тартымды.
Деректерде Ваккас әрекеті туралы мәлімет өте аз кездеседі.
Тарихи Әбілхаир-ханиде ол тек бірнеше жағдайда ғана айтылған[2]:
1.Әбілхаир-ханды таққа көтеруі (Бузанчар қияттан және екі сеидтен соң 4-ші позицияда айтылған).
2.Кучук Мұхаммед ұлдарының Ахмад пен Махмудқа жорығы және Орда-Базарды басып алу (Адад-бек бүркіттен және Бузунчар қияттан бұрын бірінші позицияда айтылған).
3. Сығнаққа жорық (Бахтияр-сұлтаннан кейін, екінші болып айтылған). Бахтиярмен (Хызыр-ханның ұлы) және Мане-огланмен (тангуттың ұрпағы, Мурат-Суфидің ұлы) қатар сырдарьялық Үзгенд қаласын тарту ретінде алған адам ретінде айтылған.
4.Ваккастың Мустафа-ханды Әбілхайыр-ханға қарсы қоюы. Мустафа-ханның жеңілуі.
5.Хорезмге жорық. Масуд Кухистаниде жазылған:
Абу-л-Хайр-хан мәжіліс және кеңес үшін әскер көсемдерін және жаужүрек жеңімпаз әскер [қолбасшыларын], сейидердің қаймағын, Та-Ха мақтанышын және даңқты Йа-Синді [қалайда] шақыртып алды. Кұл-Мұхаммад-сейидті, Кара-сейидті, Бахтийар-сұлтанды, Адад-бек бүркітті, Кибек-Ходжа-бий бүркітті, Бузунджар-бий кыйатты, Мұхаммад-бек конгратты, Хаким-Шайх-бахадур кушчиді, Кунгур-бай-бахадур кушчиді, Тули-Хаджи-бий кушчиді, Даулат-Ходжа-диван кушчиді, Акча-Урус кушчиді. Кылыч-бай-бахадур уйгурға, Суфи-бек найманға, Кара-Усман найманға, Ходжа-Лак курлаутқа, Баглы-Хожда конгратқа, Йахши-бек-тарханға, Кутлук-Бука-тарханға, Хан-кули найманға және жеңімпаз әскердің басқа қолбасшыларына хан Хороезмді жаулап алу мақсатына бекіген ниетін айтты: «Мен әскерді тәртіпке, жеңіске пана келтіру арқылы, Хорезм хакимімен кескілескен шайқасқа аттанғым келеді» [8, 149]. Одан әрі келесідей мазмұнмен үзінді бар:
[Абу-л-Хайр-хан] Хорезмді жаулап алуға батыл кірісіп және әлемді жаулаушы хакандар мен мемлекет әміршілерінің дәстүрімен [алға] бет алды. Ержүрек теңізінің қолтырауыны болған Бахтияр-сұлтанды авангард басына тағайындады. Ұлы әмірлер және әлем тұрғындары және қатысуымен әлемді безендіріп, даңқын шығарған жоғары мәртебелі Сейидтер бірде: Сейидтер қаймағы- даңқ пен бақыт көзі — Кұл-Мухаммад-сейид және Қара-сейид, Ваккас-бий манғыт, Бузунджар-бий қыйат және барлық әмірлер мен басқа витяздер және бахадурлар, жеңімпаз әскерді тәртіпке келтіріп, Хорезм жаққа бет алып аттанды [8, 150].
Яғни, әуел бастан Ваккас Әбілхайыр-ханның Хорезмге жорықты талдау үшін шақырғандарының құрамында болған жоқ. Алайда, Хорезмге шығарда ол әскер құрамында болып, үшінші позицияда аталады, ал бұл оның жорықта маңыздылығын көрсетеді. Біз бұл жерде оның неге бірінші құрамда аталмай, екінші құрамда аталғанына өз түсініктемемізді ұсына аламыз. Ваккастың Хорезмге жорықтың бастаушысы болуы толығымен мүмкін. Ол Әбілхайыр-ханнан жеңілген соң, Мустафа-ханмен Хорезмде болуы мүмкін. Мустафа-ханды Хорезмде Якуб (Кучук Мұхаммедтің ұлы) кунграттармен одақтасып тақтан құлатқаннан кейін, Ваккас Әбілхайыр-ханға қашуға мәжбүр болды. Енді Әбілхайыр-хан елінде жүріп, Ваккас оған Хорезмге жорық жасауды ұсынуы мүмкін. Сондықтан ол мәжіліске шақырылған әмірлер тізімінде айтылмаған, ол бұл кезде Әбілхайыр-хан ордасында болды.
Таварихи Гузидайи Нусрат-намеде айтылған, Әбілхайыр-хан Кучук Мұхаммедтің ұлдары Ахмад пен Махмудты екі рет тақтан айырды және өзіне Буляр мен Булгар елдерін бағындырды [10, 219].
Өтеміс-хаджидің жазғаны: Әбілхайыр-хан Тахт елін барлығы үш рет бағындырды, одан кейін оның атына Орда-Базарда хутба оқылды [19, 65].
Мәлім болғандай, Мустафа-хан жеңілген соң, біз Кучук-Мұхаммедтің ұлы Якубпен теңдестірген, Якуб-оглан оны тақтан құлатқанға дейін Хорезмді биледі.
Мустафаның Хаджи-тарханда жылын көрсетпей, тиын соққаны мәлім [3, 29].
Сонымен, Әбілхайыр-хан іс жүзінде Тахт елі (Хаджи-тархан) территориясын үш рет басып алғанын болжауға болады: екі рет территорияны Кучук Мұхаммедтің балаларынан тартып алды және осыған дейін аталған территорияны Ваккас беклербегі болған Мустафа-ханнан тартып алды.
Махмуд бен Валиде айтылған, Әбілхайыр-хан әуел баста Кучук Мұхаммедтің баласы Махмудты жеңіп, оны қашуға мәжбүр еткен. Одан кейін Әбілхайыр-хан Хорезмге жорық жасап, одан Едіге ұрпағын қуып шыққан. Осыдан кейін Әбілхайыр-хан қайтадан Кучук Мұхаммед ұлдары Ахмад пен Махмудқа жорық жасайды. Кучук Мұхаммед ұлдары Әбілхайыр-ханнан қашып, В.В.Трепавлов айтқандай, Әбілхайыр-ханның қалмақтармен соғыстағы сәтсіздікке дейін емес [19, 62], Әбілхайыр-ханның өліміне дейін Мангышлак территориясындағы қамалдардың бірінде жасырынды [1, 84-85]. 1465 жылы Махмудтың Хаджи-Гирейден [19, 63] жеңіліске ұшырағанын есепке алып, оның өмірінің бұл эпизоды Әбілхайыр-ханмен екі шайқас аралығында болған деп болжауға болады.
Әбілхайыр-ханның Ахмадпен және Махмудпен бірінші қақтығысын біз 1460-шы жж. басы деп белгілейміз [13, 177]. Сонымен қатар, біз Кучук Мұхаммедтің қайтыс болған уақыты мейлінше даулы деген Д.Н.Маслюженконың пікірімен де толықтай келісе аламыз [7, 84].
Бұл Әбілхайыр-хан қарсыластарының арасында Якуб есімінің жоқтығымен жанама дәлелденеді. Ол, бәлкім, бұл кезде қаза тапқан шығар (1460-61 жж. ол Мұстафа-ханның бәсекелесі ретінде көрсетілген) және оның орнына, сондай-ақ, Әбілхайыр-ханның қарсыласы ретінде көрсетілген, оның балалары Джуак пен Башиак отырды.
Сонда Кучук-Мухаммедовичке қарсы шайқаста Әбілхайыр-хан әскерінің қатарында Ваккас-мырзаның пайда болуы түсінікті болады. Ол, бәлкім, Хорезмде Мустафа-ханның Якуб-оглан бастаған Кучук-Мухаммедовичтердің тақтан құлатқанға дейін, беклербегі болған шығар. Осыдан кейін, Ваккас Мустафа-ханнан айрылып, Әбілхайыр-ханның күшін кек алу үшін пайдалануды шешті де, оған қосылып, Кучук-Мухаммедовичтерге қарсы шығуға көндіреді. Бұл жеңіс Әбілхайыр-ханның екінші рет Төменгі Еділде «Саин-хан тағын» басып алудың көзі болды. Алайда, осыдан кейін, бәлкім, Әбілхайыр-хан Газидің ұлы Ходжашқа Ваккасты өлтіруге жол берген болар. Ваккастың балалары Әбілхайыр-ханнан бөлініп, Сарай маңында көшіп қонды [20, 100].
Мақала соңында қорытынды жасауды жөн көрдік. Едіге өлімінен кейін, Мансұр, Тимурлықтардың көмегімен Барақ қарсы шыққан, Хаджи-Мұхаммедті таққа көтереді. Хаджи-Мұхаммед шамамен 1422 жылы өлтірілді. Мансұр орыстарға қашты. Одан Булгарға келіп және шамамен 1423 жылы Шәдібек-ханның ұлы Гияс ад-Динді таққа көтереді. 1425 жылы Гияс ад-Дин өліміне байланысты Мансұр алдында таңдау тұрды: Едіге ұрпағының отбасында тәрбиеленген Кучук Мұхаммедті таққа көтеру ме, әлде жиен ағасы Барақтың (анасының ағасы) жағына шығу ма. Мансұр 1425 жылы Барақтың жағына шығады.
Барақ Хаджи-Мұхаммедпен күресте өз жеңісін жетілдіріп, 1424 жылы сондай-ақ, орыстардан жеңіліп, билігінен айрылған Худайдатты 1422 жылы талқандайды. Оның немерелес ағасы Ұлық Мұхаммед 1424 жылы хан болады және Витовтаға қашып барып, соның көмегімен ол 1426 жылы Барақ пен Мансұрды талқандайды. Сәл кейін Барақ Мансурды өлтіреді. Өлтірілген Мансұрдың ағалары Сұлтан-Махмұд, Қази және Науруз Барақтан қашып және оған қарсы шығады.
Бараққа қарсы шайқасқа әлі бала Кучук-Мұхаммедті итермелеген Султан-Махмуд, Гази және Науруз қатысады. Ағалы –інілілердің Барақты өлтіргеннен кейін, Гази өзінің немерелес ағасы Сұлтан-Махмұдты өлтіруі мүмкін. Мұны Науруздың қалайша Ұлық Мұхаммедке келгені түсіндіре алады. Ол Газидің қудалауынан қауіптеніп, қашты. Кейінірек әлдебір Кепек-ходжа мен Умар бүркіт (Кепек-ходжа маңғыт деп аталған, алайда біздің пікірімізше, бұл жалған және ол Умар бүркітті әкесі, бүркіт болған) бастаған қаскүнемдер Газиді өлтіріп, Джумадукке қашты. Кейін бұл бүркіттер Махмұд-ходжа-ханға қосылды. Кучук Мұхаммед болса шығыстан Батысқа бірқалыпта жылжып отырды: Моголистанмен шекарада ол хан етіп жарияланды (Барақ өлімінен кейін), одан кейін ол Хорезмге жорық жасады және нәтижесінде оның иелігі Қазақстанның батыс бөлігінде орнады.
Ваккас болса әуел бастан Әбілхайыр-ханды қолдады. Дегенмен осыған қоса, Ваккас Әбілхайыр-ханның әскери операцияларына қатысқан жоқ және автономдығын сақтап қалды. 1440-шы жылдары Әбілхайыр-хан Ваккаспен бірге Сыр өңіріндегі қалаларға жорық жасап, оларды басып алды. Ваккас тек Үзгенді алды және өзін алаланғандай сезінді. Осы үшін ол Гияс ад-Диннің ұлы Мустафа-ханды алға шығарып, және Мустафа-хан атынан тиын соғылған Хаджи-тарханға дейін өз билігін таратты. Мустафа-хан Әбілхайыр-ханнан жеңілгеннен кейін (Әбілхайыр-ханның Тахт елін бірінші рет басып алуы), Ваккас онымен бірге Хорезмге қашып, Кучук Мұхаммедтің ұлы Якуб онда басып кіріп, кунграттармен одақтасып Хорезмді басып алғанға дейін, оның беклербегі болады. Сол кезде Мұстафа-хан қаза болған көрінеді. Бұл оқиғаға дейін Әбілхайыр-хан Кучук-Мұхаммедтің ұлы Махмуд-ханды талқандайды және екінші рет Тахт елін басып алады. Ваккас Якубтан жеңілген соң, Әбілхайыр-ханға қашуға мәжбүр болып, онда Әбілхайыр-ханды Хорезмге жорық жасауға шақырады. Онымен бірігіп, ол Хорезмге жорық жасап және ағалы-інілі (Ахмад пен Махмудты) және Якубтың ұлдарын (Джуак пен Башиакты) талқандайды. Әбіілхайыр-хан үшінші рет Тахт елін басып алды. Осыдан кейін, көп ұзамай Ваккас, бәлкім, Әбілхайыр-ханның үндемей берген келісімі бойынша шығар, Ходжаш қолынан қаза болады.
Сонымен, сол кезеңдегі хандар мен олардың беклербектерінің тізімі келесідей:
1. Хаджи-Мухаммед және Мансұр (1421-1423)
2. Гияс ад-Дин және Мансұр (1423-1425)
3. Барақ (1423-1425, 1427-1428)
4. Барақ пен Мансұр (1425-1427)
5. Кучук-Мұхаммед және Сұлтан Махмұд (1428-1429)
6. Кучук-Мұхаммед және Гази (1429)
7. Әбілхаир[3] (1429-1469) Бузанчар қият (хронология айқын емес)
8. Мустафа және Ваккас (хронология айқын емес)
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Алексеев А.К. Политическая история Тукай-Тимуридов: По материалам персидского исторического сочинения Бахр ал-асрар. Санкт-Петербург. Издательство Санкт-Петербургского университета. 2006. 229 с.
2. Гаев А.Г. «Генеалогия и Хронология Джучидов»//Древности Поволжья и других регионов. Выпуск 4. том.3. Нижний Новгород. 2002. С. 9-55.
3. Зайцев И.В. «Астраханское ханство». Москва. Восточная Литература. 2006. 303 с.
4. История Казахстана в персидских источниках. Т.4. Алматы. Дайк-Пресс. 2006. 620 с.
5. Кляшторный С.Г. Султанов Т.И. «Казахстан: летопись трех тысячелетий». Алматы. Рауан. 1992. 373 с.
6. Маслюженко Д.Н. «Ханы Махмуд-ходжа и Хаджи-Мухаммад или улус Шибана в первой четверти XV века»//Вопросы Истории и археологии средневековых кочевников и Золотой орды. Сборник научных статей памяти В.П. Костюкова. Астрахань. Издательство: Астраханский университет 2011. С. 88-109.
7. Маслюженко Д.Н. Политическая история становления ханства Абулхаира на юге Западной Сибири//Средневековые тюрко-татарские государства. Выпуск 4. Казань. 2012. С. 76-88.
8. Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII веков: (Извлечения из персидских и тюркских сочинений). Алма-Ата. Наука. 1969. 650 с.
9. Материалы по истории киргизов и Киргизии. Выпуск I. (Ромодин В.А. - редактор). Москва. 1973. 283 с.
10. Мустакимов И.А. «Владения Шибани Абулхаир-хана по данным Таварихи гузида Нусрат-наме»//Национальная история татар. Теоретико-методологическое введение. Казань. 2009. С.214-232.
11. Мухамадиев А.Г. Булгаро-татарская монетная система XII-XV вв. Москва, 1983. 192 с.
12. Сабитов Ж.М. Восточный Дашт-и Кыпчак в 20-ые годы XV века//Иран-наме. № 1 (21). 2012. Алматы. С. 266-275
13. Сабитов Ж.М. Тарихи Абулхаир-хани как источник по истории ханства Абулхаир-хана// Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. 2009. №2. С.166-180.
14. Сабитов Ж.М. Хронология событий в Восточном Дашт-и Кыпчаке в 30-50-ые годы XV века//Урал и Сибирь в контексте развития российской государственности. Материалы всероссийской научной конференции «VI Емельяновские чтения». Курган. 26-28 апреля 2012 г. С.96-97
15. Сабитов Ж.М. Хызыр-хан: хронология правления// Научный Вестник Столицы. №4-6. 2011. С. 109-112.
16. Сабитов Ж.М. Чекре-хан и «Мухаммед-хан»// Зертеуші. 2011. №3-4. С. 98-104.
17. Сафаргалиев М.Г. «Распад Золотой Орды». Саранск. Мордовское книжное издательство. 1960. 278 с.
18. Селезнёв Ю. В. Элита Золотой Орды. — Казань: Издательство «Фэн» АН РТ, 2009. 232 с.
19. Трепавлов В.В. Большая Орда - Тахт эли. Очерк истории. Тула. Гриф и К 2010. 112 с.
20. Трепавлов В.В. «История Ногайской Орды». Москва. Восточная литература. 2001. 752 с.
21. Ускенбай К.З. Арало-Каспий в первой трети XV века: упадок Ак-Орды и начало возвышения мангытов// Арало-Каспийский регион в истории и культуре Евразии. Часть II. Актобе, 2006. С. 18-26.
22. Фасих Ахмад ибн Джалал ад-Дин Мухаммад ал-Хавафи. Фасихов свод. (пер. Д. Ю. Юсуповой). Ташкент. Фан. 1980. 230 с.
[1] Аталған үзіндіге назар аударғаны үшін А.Парунинге алғыс білдіргіміз келеді.
[2] Бұдан бұрын біз Масуд Кухистанидің хронологиясы жаңсақ және көптеген қате орын алғанына қатысты өз көзқарасымызды айтқанбыз [13], сондықтан біз Б.А.Ахмедовтың оқиғалар датасына сынмен қараймыз [14].
[3] Оның беклербегі кім болғаны белгісіз, оның билігінің басым бөлігінде Бузанчар қияттың болуы толығымен мүмкін.
Жақсылық Сәбит
Abai.kz