Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4698 0 пікір 20 Тамыз, 2015 сағат 10:43

ШЕТЕЛ ҚҰДІРЕТ ҚҰНЫ ҚҰЛДЫРАҒАН ТЕҢГЕМІЗБЕН ЕСЕПТЕСПЕЙДІ

"Ұят ай...(((...елге не бетімізді айтамыз"-деп ойлайма екен бәз біреулер? Ұлттық валютаның құлдырағаны ұлттың ұн-жұрғасын түсірді((( Тіктеле бастаған еңсеміз қайтадан еңкейіп қалды... Біреулер айтады: "Қарапайым халыққа әсері жоқ, олардың миллиондары бар деймісің"-деп... Бірақ импорттауға мәжбүр ел екеніміз жасырын емес, тұтынатын тауардың жартысынан көбін шеттен сатып алатымыз тағы бар. Шетел деген құдірет құны құлдыраған теңгемізбен есептеспейді ғой, доллар сұрайды бізден. Құны қымбат долларға алынған затты саудагер-сымақтар арзанға сатпасы екі бастан белгілі. Ендеше миллиондары жоқ "мүсәпір" елдің тұтынатын тауары қымбаттамайды дегенге сенетіндер бар ма?

Қап-қап қаржысы жоқ халық баюға, есін жиюға енді оқталса езіп тастай беретіні қалай? "-Ел қаржылық саладағы қысылтаяңды түсінбейді"-деп соғатын шенділер бар. Біз түсінуге міндетті емеспіз ғой...түсіну үшін, бізді өлтірмеу үшін айлық алып шалқып жүрген шенеуніктер не қарайды сонда? "Қарыны ашып, қадірі қашқан" халықтан қорқыныштысы бар ма? Халық өтінді, жылады, аяққа жығылды...енді не қалды сонда? Қазаққа ҚҰДАЙ жар болсын!

 

Нартай Сәрсенғалиев,

Әлеуметтік желіден.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407