Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3646 0 пікір 19 Тамыз, 2015 сағат 14:56

ҚЫРЫМ ПУТИНГЕ ҚЫРЫН ҚАРАДЫ

РФ Президенті Путин бүгін аннексияланған Қырымға келді. Қырымға келіп сөйлеген сөзінде ол: «Украина дамудың даңғыл жолын табатын ел. Украина Ресеймен бірге дамиды», - деді. Украинаның Ресейден ажырағысыз екендігін ескерте отырып ол: «Қазір Ресейде ұлты украин 3 миллион адам бар. Олардың басым көпшілігі әскер қатарына шақырту алатын жастар», - дегенді айтты. РФ басшысының бұндағы айтпағы:«Біз емес, ертең осы жастардың өзі Украинаны Ресейдің қорасына әкеліп тығады» дейтін астарды аңғартса керек. Путин Ресей-Украина тамырластығын тілге тиек еткенімен, ресми Киев РФ басшысының бұл қадамын құптаған жоқ. Украина Президенті Порошенко: «Украина өкіметінің келісімінсіз болған мұндай іссапар қазіргі заманда мәселені ушықтыра түседі», - деп салды. Еркін ақпарат көздерінің хабарларына қарағанда, жергілікті Қырым жұрты Путинді «Қырымнан қараңды батыр!» деген ұрандармен қарсы алған көрінеді.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415