Сенбі, 23 Қараша 2024
Абай.tv 4500 0 пікір 13 Тамыз, 2015 сағат 14:40

РЕСЕЙ ЖҮЗДЕГЕН ТОННА АЗЫҚТЫ ТРАКТОРГЕ ТАПТАТТЫ

6 тамызда, бір күннің ішінде, Ресей президенті Владимир Путиннің эмбарго жарияланған азық-түліктерді жою туралы жарлығы күшіне енген бетте, 319 тонна жеміс-жидек, көкөніс, ірімшік пен ет жойылды. "Россельхознадзор" мекемесінің хабарлауынша, эмбаргоға қарамастан Ресей шекарасынан өткен азық-түлік осылай жойылып отырады. 319 тонна азық-түліктің 20 тоннасы Орынбор маңында жойылған. "Россельхознадзор" баспасөз хатшысы Юлия Мелано журналистерге ол тағамдар ішінде Латвияда шыққан "Российский" маркалы ірімшіктер болғанын хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, бұл ірімшік Ресей аумағына Қазақстан арқылы кірген. 


Түмен облысында Қазақстаннан әкелінген 13 тонна болгар бұрышы бульдозермен тапталды. Өйткені, біздің елімізден жеткізілген көкөністер санкцияға ұшыраған азық-түліктер қатарында екен. Смоленск қаласында да көкөністерді ауыр техникамен таптау жалғасуда.
Ысырап болып, техникамен тапталған жеміс-жидек пен көкөністер қатарында 750 келі қарбыз, 20 тонна бұрыш, алма және 70 тоннаға жуық томат пен шырындар бар.
Санкт-Петербургте де азық-түлікті аяусыз далаға төгіп жатыр. Импортталған азық-түлікті лақтырып, төгіп, ысырап ету Ресейдің барлық аймағында көрініс тапқан.
Халықтың тамақты ысырап етпеу турасындағы ашу-ызасына ресейлік шенеуніктер бас ауыртар емес.


БАҚ ақпараттарынан.

Ал, оған ресейліктер қалай қарайды?

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443