Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4270 0 пікір 13 Тамыз, 2015 сағат 09:08

550 ЖЫЛДЫҚҚА ЖАЗУШЫ ТАРТУЫ

Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекеленетін үстіміздегі жылда жарық көріп жатқан түрлі баспа өнімдері қатарына тағы бір кітап қосылды. Алматыдағы «Рух БГ» баспасынан жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Қазақ мемлекеті тарихына көзқарас» атты жұмысы жарыққа шықты. (Қойшыбаев Б. Қазақ мемлекеті тарихына көзқарас: тарихи очерк. – Алматы: Рух БГ, 2015. – 136 б.). Аталмыш тарихи очеркте қазақ мемлекеттігінің хандық түрінде құрылуы, дамуы, сыртқы жаулардан қорғануы, одақтас іздеуі, біртіндеп тәуелсіздігінен айырылуы, отарлануы және қайта жаңғыруы жайында жаңаша әңгімеленіп, алға тосын пайымдар тартылады.  

Ғасырлар бойы тарих беттеріне түрлі атаумен із қалдырып келе жатқан мемлекеттілігін қазақ халқы 15-ші ғасырдың ортасынан өте бергенде өз есімімен аталатын дербес хандық мәртебесіндегі жаңа сапаға ауыстырды. Сөйтіп, жаңаша рәсімделген, өз атымен айшықталған мемлекетін тарих сахнасына шығарды. Оқырман назарына ұсынылып отырған осынау кітапта сол үдеріс әңгімеленіп, Қазақ Ордасы тарихына танымды шолу жасалады. Хандықтың негізі қаланған, іргесі кеңейтілген, көршілер душар еткен басқыншылық соғыстардан қорғанған кезеңдері жайында әңгімеленеді. Әр кезгі тарихи ахуал, елдегі ішкі қайшылықтар, басқарушы элитаның ел мүддесін көздеген іс-әрекеттері, сондай-ақ мемлекеттік көзқарас тұрғысынан өрісі тар қадамдарға баруы және оларының тұтастыққа, бірлікке тигізген теріс  әсері, соның салдарынан тәуелсіздікті жоғалту, жер-судың, елдің отарлануы, ақыры, азаттыққа, шынайы тәуелсіздікке қол жеткізген тар жол, тайғақ кешуден өту жайында сөз болады.   

Ел тарихын жазуда еуроцентристік көне бағдардан бас тартып, жаңа әдістемемен қаруланудың өзіндік бір тәжірибесі осынау «Қазақ мемлекеті тарихына көзқарас» кітабында жасалған. Аталмыш тарихи очерк тарихшыларға, зерттеушілерге, Отан тарихын сүйетін барша жұртшылыққа жаңаша пайымдалған түрлі тағлымды ақпарат ұсынуымен құнды.

Abai.kz

Суретте: Бейбіт Қойшыбаевтың «Қазақ мемлекеті тарихына көзқарас» кітабы. 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443