Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3107 0 пікір 12 Тамыз, 2015 сағат 02:00

ЖЕРГЕ МЕНШІК ИЕСІ ҚАЖЕТ

Ауыл шаруашылығының құрылымын өзгерту қажет, оның өзегi күштi кооперативтер болуы тиiс. Бұл кәсiпкерлiк үшiн кең мүмкiндiк. Бұл туралы Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен өткiзген кеңесте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлiмдедi.

Ақорданың баспасөз қызметiнiң хабарлауынша, Елбасы үш облыстың жиын-терiм науқанын өткiзуге байланысты дайындығын пысықтап, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында бiрқатар тапсырмалар жүктедi.

Ең алдымен бес институционалдық реформадағы аграрлық сектордың маңыздылығына тоқталды. Елдегi ауыл шаруашылығы кооперативтерiн әлемдiк тәжiрибеге сай дамытудың, сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстарды ширата түсуi үшiн ұлттық заңнамаға өзгерiстер енгiзудiң маңыздылығына назар аударды.

– Мұндағы басты мақсат – ауыл шаруашылығының тиiмдiлiгiн арттыру және оны өңдеушi сектор арқылы экспортқа шығару. Ол үшiн ауыл шаруашылығы елдiң экономикалық өсiмiнiң қозғаушы күшiне айналуы тиiс. Өңдеумен айналысатын инвесторлардың келуiне жағдай жасау, жаңа инновацияларды енгiзу жұмыстарын жеделдетуiмiз қажет, – дедi Н.Назарбаев.

Бүгiнде ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет зор көңiл бөлiп отыр. Алайда, аграрлық сектор әлi де экономиканы әртараптандырудың негiзгi тiрегiне айнала қойған жоқ. Бұл еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн кеңейту, салаға сыртқы инвестицияларды тарту жұмыстарындағы сылбырлықты аңғартады. Кеңесте үш облыстың бес жылдағы субсидия көрсеткiштерiне тоқталған Елбасы ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселелерiне мұқият назар аудару қажеттiгiн ортаға салды. Президент сонымен бiрге ауыл шаруашылығы жерлерiн пайдалану тиiмдiлiгiн арттырудың маңызы айрықша екендiгiн айтты. Бұл ретте ауыл жұртының еңбекке деген ыждағатты көзқарасы мен тиiмдi меншiк иесiн қалыптастырудың, сондай-ақ жерге қатысты мәмiлелердi жеңiлдетудiң мәнiн атап өттi.

Елбасы кеңес соңында елiмiздiң ауыл шаруашылығы саласындағы қол жеткiзген табыстарды атап, қиындықтардың уақытша екенiне, оларды еңсерiп, даму жолымен iлгерiлеуге елдегi жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың септiгi тиерiне сенiм бiлдiрдi.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435