Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3221 0 пікір 10 Тамыз, 2015 сағат 11:36

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 215 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН МЕН ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

Талдықорған қаласында Алматы облысындағы құрылыс саласының үздіктері марапатталды.

Құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтаған ол облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов:
- Жыл сайын елімізде, тұрғын үйлер, өндірістік, білім беру, денсаулық сақтау және мәдени-тұрмыстық бағыттағы нысандар пайдалануға беріліп, ескілері жаңғыртылып, материалдық-техникалық базасы нығая түсуде. Құрылыс жұмыстарына озық технологиялар, ілгері жаңашылдықтар мен жаңа конструкторлық шешімдер енгізілуде. Еліміздегі құрылыс саласының дамуында, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасауда Елбасымыздың «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамытудың 2020» бағдарламаларын басшылыққа аламыз, - деді.

Жиын барысында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Темірлан Бектасов баяндама жасап, облыстағы құрылыс саласының даму жағдайына тоқталып өтті. Т. Бектасовтың айтуынша, 2015 жылы басқарманың бюджеті 45,5 млрд теңгені құраған. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен 13,4 млрд теңге, жергілікті қазынадан 27,9 млрд теңге, Ұлттық қордан 4,2 млрд теңге бөлінген.

Салтанатты басқосуда Қазақстан Республикасының және Орта Азияның Құрылысшылар одағының вице-президенті Аманжол Шормақов, «АСК Ауыл Құрылыс» ЖШС директоры Анатолий Рябинин әріптестерін құттықтады.

Мұнан кейінгі марапаттау рәсімінде құрылыс саласының 11 маманына «Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы» төсбелгілі берілді. Сол сияқты бірқатар азаматтарға облыс әкімінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасының және Орта Азияның Құрылысшылар одағының, облыстық құрылыс басқармасының алғыс хаттары мен құрмет грамоталары тапсырылды.

Сонымен қатар облыс әкімінің Құрмет грамотасымен «Алматы облысының үздік сылақшысы, тас қалаушысы, тас қашаушысы» аталымдары бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары «ЮТ - Com» ЖШС жұмысшылары Мұрат Нағашпаев, Меделхан Қыстаубаев, Бақдәулет Есполғанов марапатталды.

Жалпы, биылғы жылы Алматы облысында 215 әлеуметтік нысан мен тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Оның 197-сін осы жылы іске қосу жоспарланған. Олардың 97-сі - тұрғын үй, 32-сі - білім беру нысаны, 11-і - денсаулық сақтау нысаны, 30-ы инженерлік-коммуникациялық жүйелер, 27-сі - әлеуметтік нысандар деп жазды Baq.kz.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407