Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4615 0 пікір 10 Тамыз, 2015 сағат 09:14

ПАВЛОДАРДА «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Павлодарда қазақ халқының Ұлы ақыны, хакім Абайдың туғанына  170 жыл толуына орай этнос жастары арасында «Абай оқулары» облыстық байқауы өтті. «Достық» концерттік залының дәлізінде С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап кітапханасының кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

Облыстың қала, аудандарынан келген қатысушылар екі кезең бойынша, атап айтқанда Абай шығармаларын мәнерлеп оқу және «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен орындау бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде І жүлделі орынды Качир ауданының үміткері Коструба Дина,    ІІ орынды Екібастұз қаласының қатысушысы Овчаренко Аделина, ІІІ орынды Баянауыл ауданынан келген Николаенко Ангелина иеленді. Сайысқа қатысушылардың барлығы диплом, алғыс хаттармен  қоса бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

Облыстық байқаудың жеңімпазы қыркүйекте Семейде өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2052
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4912
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4110