ЖИРИНОВСКИЙ РЕСЕЙДІҢ ЖАРТЫ ӘЛЕМДІ ЖАУЛАЙТЫНЫН АЙТТЫ
Ресей ЛДПР партиясының лидері, мемлекеттік думаның вице-спикері Владимир Жириновский" жарты әлемді тізерлетіп", елдің атын "Ресей империясы" деп атауды ұсынды.
Депутат мұны "Русская служба новостей" радиостансасының эфирінен Ресейге қарсы санкциялардың күшейтіліп жатқанына байланысы әңгіме қозғалғанда айтқан.
"Барлық экономикалық қарым-қатынасты тоқтату керек. Санкция шеңберіне кірген барлық елдермен барлық экономикалық, сауда, туристік қарым-қатынастарды тоқтатып, солардың бәрін – жарты әлемді тізерлетіп қою керек, біз соғыс жағынан бәрінен күшті елміз, бізден бәрі қорқады. Тек қана Америка, қалғандары соғысуды білмейді. Немістер мен француздарды біз қатты басып тастағанбыз, олар мүлдем ешқашан соғыспайтын болады", – депті Жириновский.
Сондай-ақ, Жириновский әлемде ағылшын тілі жойылып, Орыс пен неміс тілі ғана үстемдік ететінін, Ыстамбұлды жаулап, Түріктерге "массаж жасатып" қоятынын да айтты.
Эпитажды саясаткердің айтуынша, Батыспен қарым-қатынастың шегіне жетіп тұрған қазіргі жағдайында аса қуатты репрессиялы аппарат, ұлттық қауіпсіздік комитетін жасап алып, қатаң шаралар қолдану қажет, ақыр соңында Ресейдің атын өзгерту керек.
Abai.kz