Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4958 0 пікір 28 Шілде, 2015 сағат 09:59

Елбасы реформаларының үдесінен шығу – баршаның міндеті

Кеше, 27 шілде Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің профессор-оқытушылар құрамының арасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) қызметкерлерінің қатысуымен Президент Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын іске асыру жөніндегі  «100 нақты қадамды» талқылау мен түсіндіруге арналған Алматы қаласы әкімінің «Жаңа қалыптасқан мемлекет құру – баршаның ісі» ақпараттық тобының ұйымдастыруымен «Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолдары» атты дөңгелек үстел өткізілді. Келелі жиынға қатысқандардың жалпы саны 37 адам. Кіріспе сөзді Департамент өкілі айтып, Елбасының жүргізіп отырған саясатына, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жұмысына кең көлемде тоқталып өтті. Содан соң Алматы қаласындағы О. Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтының директоры С.М. Борбасов тақырыпқа қатысты баяндама жасады.

Жиынға қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» шешімдерінің алғашқы 15 қадамына қатысты пікірлерін қосты. Университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстары жөніндегі проректоры Ж.А. Дауренбаева: «Жалпыұлттық сипат алып, іске асырылуы керек мемлекет құрылымын жетілдіретін бұл реформалар жаһандық сын-қатерлердің жауабы. Бұл – қазақстандықтардың бірлігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады» деп атап көрсетті. Ал ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Б. Бегайыловтың «Реформалар – тек мемлекеттік машинаның ғана емес, халықтың ісі. Оның мәні – ұлт сапасын жаңғыртуда. Халық рухының күші болып уақыт сын-қатерлерін қабылдай білу және тек қана алға басуы бұрын да мемлекет табысының айқындаушы факторы болған» деген жүрекжарды сөзін көпшілік ерекше ілтипатпен қабылдады. Сондай-ақ, студенттер қалашығының директоры Б.Э. Эсенов Ұлт жоспарын іске асыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсара түсетіндігін студент жастардың түсінуі керектігін ацтты. Ал әскери кафедрасының меңгерушісі Б.Ж. Дюсембаев кафедра тарапынан жастарға әскери-патриоттық тәрбие бағытында нақты тәрбие берілетіндігін айтып, бұл тарапта жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысына тоқталды.

Кейінгі кезде үдемелі түрде жүргізіле бастаған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы мәдениетті қалыптастыру, жұртшылықтың құқықтық сауатын көтеру шараларының қай-қайсы да билік пен халықтың арасындағы көзге көрінбейтін кедергі атаулыны жоюға бағытталған. Елдің көкейінен шығатын мәселе – осы. Жиыннан тарқаған жұрт қызу талқыланған тақырыпқа қатысты дөңгелек үстелді ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірген қауым Ел ертеңіне деген сенімнің күшіне иланатындықтарын білдіріп жатты... 

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522