Сейсенбі, 8 Қазан 2024
Жаңалықтар 4299 0 пікір 27 Шілде, 2015 сағат 09:39

Бүгін Женевада еліміздің ДСҰ-ға мүше болу рәсімі өтеді

2015 жылдың 27 шілдесінде Женевада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ДСҰ бас директоры Роберто Азеведоның қатысуымен Қазақстанның аталған ұйымға ресми түрде кіру салтанаты өтеді. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.

«27 шілде күні ДСҰ-да Қазақстанның бұл ұйымға ресми түрде кіру салтанаты өтеді. Бүгін Президент Н.Назарбаев Женеваға келеді», - деп жазды өзінің Твиттердегі парақшасында ҚР Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

«27 шілде күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Роберто Азеведоның қатысуымен Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы баспасөз мәслихаты өтеді», - деп хабарланған ДСҰ ресми сайтында.

Айта кетсек, аталған ұйым – 1995 жылдың 1 қаңтарында ресми түрде жұмысын бастады. Штап-пәтері Женевада орналасқан.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір