Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 10966 0 пікір 24 Шілде, 2015 сағат 15:06

РЕСЕЙ – ЕҢ ҚАУІПТІ 10 ЕЛДІҢ БІРІ

Ресей елі өмір сүру сапасы жағынан әлемдегі ең қатерлі он елдің тізіміне енді. Бұндай қорытындыны халықаралық Әлем институты тобы жасаған.

BBC-дің жазуынша, Global Peace Index рейтингі бойынша, Ресей  Солтүстік Корея мен Нигерияның арасында тұрақтаған. Бұл 162 ел арасында жасаған сараптаманың 152-орны. Қауіпті мемлекеттер арасында  Ирак пен Ауғанстан және Сирия бар.

Қатерлі он елдің арасында Оңтүстік Судан, Орталық Африка Республикасы, Сомали, Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Пәкістан және Солтүстік Корея елдері бар. Украина бұл тізімде соңынан санағанда 12-орынды алып тұр.

Ал, ең қауіпсіз ел ретінде тізімнің басында тұрған ел Исландия. Одан соңғы орын Данияға, үшінші орын – Австрияға тиесілі. Өмір сүруге жайлы елдердің алғашқы ондығын негізінен Еуропа елдері иелеген.  Сондай-ақ,  Канада (7-орын) және Австралия (9-орын) елдері де бар.

Сарапшылар бұл тізімге АҚШ-ты 94-етіп орналастырған. Ұлыбритания болса 39-орында. Ал, Латын америкасынан қауіпсіз ел болып тізімге Чили (29-орын) енсе, Африкадан – Ботсвана (31-орын) енген.

Global Peace Index рейтингі 2007 жылдан бері осылай сараптама жасап келеді. Олар бұл қорытындыға елдердің 23 факторына талдау жасау арқылы келеді. Оның ішінде елдің ішкі қауіпсіздігі, қылмыстар мен кісі өлімінің аздығы, халықаралық қатынастары мен қорғаныс саласының шығындары бар.

Аталған тізімде Қазақстан 87-орынды иеленген.

Айта кетер болсақ, 1992 жылдың 21 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Қазақстан Ресеймен Шанхай ынтымақтастық ұйымында, Тәуелсіз мемлекеттер достастығында бір сапта. Әрі, осы екі елдің қатысуымен биылдың бірінші қаңтарынан бастап Экономикалық деп сипатталған, бірнеше мүшесі бар Еуразиялық одақ құрылды.

 

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347