Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3762 0 пікір 25 Мамыр, 2010 сағат 07:49

Тұрлаусыз мынау фәниден Тұрсын да озды...

Суыт хабар...

Қостанайдағы әріптесіміз - Тұрсын Бұқабаев қан қысымы көтеріліп қайтыс болыпты.

Тұрсын - «Алаш айнасы» газетінің Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі еді. Жарқылдаған жалынды жас еді. Қандай тақырыпта жазса да қаламының құрышы, жазушылық дарыны анық аңғарылып тұратын. Сүйегіне қазақ сөзінің қасиеті біткен  боздақ ғапыл кетті. Өкінішті.

Жетісудің тумасы Арқаның арда азаматы болып қалыптасып келе жатқанын әр сөзімен, ойлы мақалаларымен білдіріп, көңілімізді шуаққа бөлеуші еді. Асылдар туған өлкеде арманын баптап, алқынған жас «Қостанайымның киелі топырағында қазақтың барша мұраты барақат табар күн алыс емес, қаламыз қаракөзденіп келеді» деп жазатын бізге жолдаған  хаттарында. Сосын: «Қостанайға  зиялы жас қауым қоныс аударып кеп  тұрақтаса ғой», -  дейтін сағыныш аңсарын бүкпестен. Талдықорғанның «әйбат» дейтін сөзін әсте қолданатын әйбат баланың қазақ даласын тұтастырған  рухани кеңістікке қанат қағып шыққан қыршын шағында қиылып кетерін кім білген?..

Тұрлаусыз мынау фәниден озған Тұрсын бауырымыздың араман тілегі әріптестеріне аманат. Бір-біріміздің  есен саулығымызды тілей жүріп, марқұмның халқын сүйген азаматтығын, ардагерлігін өзімізге өнеге тұталық.

Сен қалдырған қайғыға қандай сөз рауа? Бақұл бол, әз бауыр.

www.abai.kz ақпараттық порталының ұжымы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279