ҚЫРҒЫЗ ҚАЗАҚТАН ЖЕР СҰРАП ОТЫР
Қырғызстан Қазақстанның 800 метр шекарасын қолдануға беруді сұрайды.
"Бішкек ақшамы" газетінің жазуына қарағанда, 19 шілде күні Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен екіжақты кездесу барысында Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Темір Сариев осындай ұсыныс жасаған көрінеді.
Сариевтің сөзіне сүйенсек, Томкөк қаласының маңындағы Ыстықкөлге апаратын Бішкек-Нарын-Торығарт автожолы Қазақстан аймағы бойымен транзит арқылы өтіп жатыр. Оның ұзындығы 800 метр.
“Біз Бішкектен Ыстықкөлге бағыт алғанда жолдың кей бөлігі Қазақстан шекарасын кесіп өтеді. 800 метр көлік жолы шекараны кесіп жатқасын осындай түйінді мәселе пайда болады. Біз өз тарапымыздан аталмыш шекаралық аймақты пайдалануға рұқсат беретін жеке келісімді қабылдауды ұсынамыз. Жақын арада біз ортақ экономикалық одақ құратын боламыз. Егер бұл келісімге қол қойылатын болса, біз бұл жол учаскесін өз қараумызға алуға талпынамыз”, – дейді Сариев.
Абай-ақпарат