Сенбі, 23 Қараша 2024
Сын 7899 0 пікір 20 Шілде, 2015 сағат 09:58

ҚАЗАҚ ҚАЙДА БАРАДЫ?...

Соңғы бірнеше жылда, әсіресе, биыл қазақ топырағында түз жануары - киіктер­дің қырылуы орасан апатқа ұласты. Жануар­лардың 130 мыңнан астамының лезде жойылып кетуі – биологиялық алапат апат қана емес, адамдардың тіршілігіне төнген қауіп.

Сондықтан, Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы арасында зоологтар, инфекциялық аурулар мен зымыран-ғарыш қызметінің мамандары енген 9 мүшесі бар арнайы экспедиция ұйымдастырды. 12 күнге созылған жұмыс Қызылорда облысынан басталып, басқа аймақтарға да ауысты.

Жақында тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар ӘУБӘКІРОВ те мұндай маңызы зор, қауіпі қатпарлы табиғи апатқа жеңіл-желпі қарамау қажеттігін ескертіп еді. Ал, аталған экспедицияның мүшесі, Франкфурт зоологиялық қоғамының өкілі Штефан ЦУТАР Торғайдың жайлауынан табылған шардың Амангелді ауданының даласынан да табылғанын айтып қалды. Дегенмен, артынша «бұл шардың киіктердің қырылуына еш қатысы жоқ» деп шыға келді...

Жазықсыз жануарлардың жаппай қырғынға ұшырауы – тегін емес. Бұл – Байқоңырдың зардабы ма, әлде, басқа полигондардың радиациялық зияны ма немесе мүлдем бөтен шардың әйтпесе аурудың салдары ма – маңыздысы бұл емес – ең маңыздысы – қазақ даласына төтеннен тажал келіп, табиғат ажал құшып жатыр...

Егер бүгін «киік өлді, күйіп өлді» деп, селқостыққа салынып отыра берсек, ертең адамдардың өміріне қауіп төнбесіне кім кепіл?!.

Біздің биліктегі шенеуніктердің ең болмаса біреуі осылай болмасына кепілдік бере ала ма?..

«Мені құртқан Көкшолақ» деп, Кенен атамыз айтпақшы, бізді селқостық тығырыққа тіреп жүрмесін!

Турасын айтсақ, жалақысын алған Штефан Цутар еліне қайтып кетті, қазақ қайда қайтады?...

 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443