РАМАЗАН, СЕНІ ҚИМАДЫМ...
Құбылып қырда кешкі арай,
Құбыла самал ескені-ай.
Раббым, саған, шүкір деп,
Рахым нұрын кешкен Ай.
Серт бергендей күнге-түн,
Шексіз-ді саған құрметім!
Сәждеге иіп маңдайын,
Салауат айтар үмбетің.
Кәусардай көңіл тұнығы,
Ашылар жүрек құлыбы...
Рамазан, сені қимадым,
Он екі айдың ұлығы.
Арайлап әрбір нұр таңы,
Шапағы сүйіп қырқаны.
Рамазан, сені қимадым,
Он екі айдың сұлтаны!
Жатса да түнде сыйынған,
Тұраса да күнде сыйынған.
Рыздығыңа шүкір де,
Раббыңнан бұйырған.
Қамыққан жандар жұбанар,
Жабыққан жүрек қуанар.
...Күмбір де күмбір мешіттер,
Күбір де күбір дұғалар.
Тұнығындай тамшының,
Құранның сөзі- бал шырын.
Жарқ етер жасын дүние,
Сабындай қысқа, қамшының.
Тұлпар - уақыт, тоқтама.
От болып жанар шоқ қана!
Жаратқан, бізді қолдай гөр,
Өзіңнен басқа жоқ, пана!
muslim.kz