Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 3489 0 пікір 15 Шілде, 2015 сағат 16:23

КЕЛІМБЕТОВ: АЛДАҒЫ ТОҚСАНДА 1$ 190 ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ

Бүгінгі күннен бастап доллардың теңгеге шаққандағы дәлізі 198 теңгеге дейін кеңейтілді.

Осыған орай тілшілер Ұлттық банк басшысына: «Доллар бағамы бүгіннен бастап 190 теңгеден асып жығылады дегенді білдіреді ме?» деген сауал тастаған. Келімбетов тілшілерге жауабында доллардың бағамы алдағы тоқсанға дейін өзгермейтінін хабарлады.

«Бірінші жартыжылдықта доллар 2,5 пайызға өскен. Бұл жарты жылда болған өсім. Сұранысты арттырудың ешбір қисынын көріп отырғанымыз жоқ. Жақын арада бүгінгі бағам қала береді. Біздің кеңейтілген дәлізге келетін болсақ, ол бірден орын алмайды. Алдағы тоқсанда орын алады деп ойлап отырмыз», – деді ол.

ҚазАқпараттың жазуынша, Келімбетов Ұлттық банк пен Үкімет алдағы уақытта экономикадағы долларландыру деңгейін төмендетуді жоспарлап отырғанын да жасырмаған. Бұл арқылы экономиканы әртараптандыру мен тұрақтандыру, қолмақол ақшасыз төлем әдісін жетілдіруді көздейді.

Ол сондай-ақ рубльдің өзге валюталарға шаққандағы бағамы тікелей мұнай құнына байланысты болатынын жеткізді.

«Рубль мен долларды сатып алу мамыр айында екі есеге қысқарса, еуроны сатып алу 20 пайызға төмендеген. 2015 жылдың мамырында қазақстандықтар барлығы 240,2 миллиард теңгені сатып алған. Сәуір айындағы салыстыру бойынша, айырбастау орындарындағы EUR/USD/RUR валюталары барлығы 502,2 миллиард теңгені құраған. «Қазақстандағы депозитерді кепілдендіру қоры» АҚ директорлар кеңесі нақтылағандай теңгемен депозит ашқан әр тұлғаға 10 пайыз өсім берілсе, шет елдік валютада өсім жылына небәрі 3 пайызды құрайды. Осы негізде жоспарланып отрыған долларландыру деңгейін төмендету макроэконмика тұрақтылыққа қол жеткізбек, деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы жылдарда мұнай бағасы барреліне 50-70 доллар көлемінде болады. Әрі, бюджеттің көлемі де өзгермейді. Себебі бюджет мұнайдың бағасы 50 доллар шамасында қаланды.  Ұлттық банк төрағасы бүгін орын алған өзгерістерге қарамастан, қаржыны теңгелік депозиттерде сақтаған тиімді деген пікірін қайталады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1555
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3349
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6223