САРА НАЗАРБАЕВА ЕЛБАСЫН ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАП ХАТ ЖАЗДЫ
"Біздің қымбатты президентіміз, Сізді осынау ерекше күнмен құттықтаймын! Бірінші кезекте сізге ұзақ өмір тілегім келеді. Мен тәуелсіздігіміз қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде Сіздің орыныңызда көп адам бола алмас еді ғой деп жиі ойлаймын. Сіздің арқаңызда біз сол жолды топалаңсыз, билік үшін талассыз өте алдық. Біз елімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтай алдық. Мен бар жүрегіммен Сізді қостаймын және соңына дейін Сізді қолдаймын. Сіз тек жақсы Елбасы емес, жақсы адамсыз, мен оны сеземін. Сіздің әрдайым бақытты болғаныңызды қалаймын! Денсаулық тілеймін, себебі табиғи байлығы мол, аумағы жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған Қазақстан сияқты елдің Президенті болу оңай емес. Сізді тек адал әрі жақсы адамдар қоршасын".
«Комсомольская правда» газетінде жарияланған Сара Назарбаеваның (суретте) бұл хатын қазақ сайттары да көшіріп жария етуде. Қазақстан Президентін құттықтаған хатында Сара Назарбаева тағы да былай дейді:
"Әжем менің тәрбиемде үлкен рөл атқарды... Менің ата-анам бір сыныпта оқып, 18 жастарында үйленген, көп ұзамай мен өмірге келдім! Әжем жастарға бар жағынан көмек көрсетті. Атам мен туылғанда өмірден өтті, сондықтан менің есімде жоқ", - дейді Сара Назарбаева.
Ол не себепті Қазақстан Президентін газет арқылы құттықтағысы келгенін де жасырмады.
"Мен мектеп жасынан бастап адамдардың назарында болуға үйрендім. Мен қазір Сүлейман Демирель университетінің филология факультетінің төртінші курсында оқимын. Мен өз болашағымды жоспарлауға тырысамын және менде әрдайым жаңа мақсат бар. Бірақ оның бәрін елге жария ете беруді ұнатпаймын. Ең әуелгі жоспарларымның бірі - оқуды бітіріп, өз университетімде немесе қазақ-түрік лицейінде сабақ беру", - дейді студент қыз.
Сараға «Сара» деп әжесі ат қойыпты. Қызылорда қаласының тұрғыны Сара Назарбаева есімді 21 жастағы студент қыздың ел Президентін құттықтағысы келген өтінішін "Комсомольская правда" газеті жариялады: http://www.kp.kz/society/9877-sara-nazarbaeva-pozdravila-prezidenta-s-dnem-rozhdeniya-cherez-komsomolku
Естеріңізге сала кетейік, Президенттің зайыбы Сара Назарбаева өзі іргетасын қалаған «Бөбек» қорының төрайымы. Былайғы жария өмірі жұртқа белгісіз. 1990 жылдары ел көзіне жиірек түсіп жүрген кезінде бірінші ханым: «Сізге ата-анаңыздың «Сара» деп ат қойғанына қарағанда олардың өнерге қандайда бір жақындығы болған ғой?» деген тілші сұрағына: «Жоқ, олар дұрыс адамдар болған» («Нет, они были нормальнымый людми») деп жауап бергені есімізде.
Abai.kz