Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 7378 0 пікір 30 Маусым, 2015 сағат 18:38

ИНДОНЕЗИЯДАҒЫ ӘУЕ АПАТЫ ҚҰРБАНДАРЫ САНЫ 113 АДАМҒА ЖЕТТІ

Индонезиядағы әуе апатынан қаза болғандардың саны 113 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Олардың барлығы әуеде жарылған Hercules C-130 ұшағының бортында болған. Апат 2015 жылдың 30 маусымында Суматрада болды. Ұшақ жарылғаннан кейін қонақ үйге құлаған.

Елдегі ВВС жетекшісі Агус Суприятнаның (Agus Supriyatna) айтуынша, бортта болғандардың барлығы қаза тапқан. "Әуе апатынан ешкім тірі қалған жоқ", - деді ол жергілікті арналардың бірінің тікелей эфирінде. Бортта 113 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болған. 49 дене табылды, олар ауруханаға жіберілді.

Әуе кемесі Golden Eleve қонақүйіне құлаудан бұрын екі ғимаратты жанап өткен. Ұшақтың Медан әскери базасынан ұшып шыққаны және Натуна аралына бағыт алғаны анықталды.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 909
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2348
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 612
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 593