СЕНАТОР БЕКНАЗАРОВ: ПЕДОФИЛДЕРДІ ПІШТІРУ КЕРЕК
Парламент сенатының депутаты Бектас Бекназаров жазалардың бір түрі ретінде кебір мемлекеттерде қолданылатын медициналық және химиялық жолмен піштіру әдісін енгізу қажет деп есептейді. Nur.kz-тің жазуынша, Сенатор педофилдерге қатысты жауаптылықты күшейтіп, тараптардың жарасуына байланысты қылмыстық істі тоқтату институтын қайта қарауды ұсынды.
«Қылмыстың осы түріне қарсы қатаң және түбегейлі шаралар қабылдау қажет. Бірінші, осы қылмыстың жолын кесетін басты кедергі жыныстық зорлыққа қолданылатын жаза бойынша заң талабының күшеюі. Оған кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық әрекеттер де жатады. Қылмыстық кодекстің бұл бөлімдерін қайта қарап, кінәлілерге қолданылатын жазаны едәуір ауырлату қажет. Осыған байланысты үкімет заң нормаларына өзгерістер енгізіп, парламенттің қарауына ұсынуы тиіс»,- деген Бекназаров палатаның жалпы отырысында.
Естеріңізге салатын болсақ, соңғы кездері ел аумағындағы БАҚ бетінде педофилдік қылмыс туралы ақпарат жиі жазылып жүр. Бұл елде бұндай қылмыстың айтарлықтай артқанын көрсетеді. Ғалымдар бұндай аурумен ауыратын азғындардың ешқашан сауықпайтынын дәлелдеген еді.
Абай-ақпарат