Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6536 0 пікір 23 Маусым, 2015 сағат 15:52

ДСҰ, САРЫ МАЙ ҺӘМ МЕНТАЛИТЕТ

Өзін-өзі тәуелсіз деп жариялап алған, статусы даулы шағын елдер мен аймақтарды түгел қосқанда әлемде 195 мемлекет бар деп саналады екен. ДСҰ-ға 162-мүше болып кіретін кезде желкемді қасып ойланып қалдым - өркениетті әлемде бізден басқаның бәрі қай кезде кіріп үлгерген бұл ұйымға деп;) Бірақ, "ештен кеш жақсы", оның үстіне Еуразия Одағы сияқты геосаяси жоба бір бүйірден қысып, бар салмағымен жаныштап тұрғанда ДСҰ-ға мүше болу ерлікпен пара-пар. Ұзақ келіссөздерден нәтиже шығара білген қазақстандық дипломаттар мен экономистерді шын жүректен құттықтаймын!

Бұл тарихи оқиғаның мәнін бір ғана қарапайым мысалмен түсіндіруге тырысайын. Баршаңыз супермаркетке кіргенде май аласыздар. Кәдімгі сары май. "Иртыш" пен "Жайлау" маргарин болып кетті, Петропавлдың майын килограмдап алған жақсы" деп жүріп одан да көңілдеріңіз қалады, арзандау су татыған ресейлік, я қырғызстандық майға көшесіздер. Қолдың майын алуға көпшілігіңіз батпайсыздар, өйткені пастерленбеген, қандай жағдайда өндірілгені белгісіз өнімді алуға жүректеріңіз дауаламайды. Сосын еріксіз қымбат болса да, Францияның "Президент" майына қол созасыздар. Егер Ресейде жасалған "подделкасы" болып шықпаса, түпнұсқа "Президент" - кәдімгі табиғи сүт пен кілегейдің дәмі бар сапалы сары май. Бірақ, бағасы удай. Енді ДСҰ-ға кіргесін "Президенттің" бағасы күрт арзандайды, ол аз болса "Президент" құсаған дәмі тіл үйіретін табиғи сары майдың небір түрі Голландия мен Польшадан арзан бағамен ағылып келеді де, жергілікті һәм ресейлік жасанды майларды дүкен сөрелерінен сыпырып түсіреді. Әлбетте, мұның қайырын қарапайым тұтынушылар көріп, бір жетісіп қалады. Бірақ жергілікті һәм ресейлік кәсіпкерлер оңбай таяқ жейді, шығынға ұшырайды. Басында еуропалық тауарлардың "подделкасын" жасап көреді, одан түк шықпайды, жартысы банкрот болады, кейін жартысы сапалы өнім жасауға шындап кіріседі. Бұрынғыдай емес жарнамалауды һәм қызмет көрсетуді үйренеді, бағаны арзандатуға, майдың сапасын жақсартуға тырысады. "Президентпен" бәсекелесе алатын, сапалы әрі органикалық таза жолмен өндірілген "Елбасы" деген майлар пайда болуы мүмкін wink emoticonЖарнамасы шамамен былай болып шыға ма деп ойлаймын: "100 пайыз табиғи, жайылымның шөбін жеген, қолмен сауылған асыл тұқымды қызыл қасқа сиыр сүтінен жасалған отандық "Елбасы" майын алыңыздар" Laughing

Қазір күлкілі естілуі мүмкін, бірақ ДСҰ-ға мүше болу бірден болмаса да, бірте-бірте Қазақстандағы тұтынушының да, кәсіпкердің де менталитетін өзгертетін факторға айналады.

Ғалым БОҚАШ

Әлеуметтік желіден.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341