Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6793 0 пікір 23 Маусым, 2015 сағат 06:55

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі еліміздегі ең танымал және талапкерлер тарапынан төмен сұранысқа ие мамандықтар тізімін жариялады.

Ең үлкен сұранысқа ие мамандықтар көшін «юриспруденция», «дизайн», «дене шынықтыру және спорт», «жалпы медицина», «қаржы» салалары бастап тұр. Ал талапкерлер ең аз таңдайтын мамандықтар тізбегінде «композиция», «музыка тану», «мүсін өнері», «түркітану» және «баспа ісі» бар.

Nur.kz хабарлағандай Білім министрлігі еліміздегі орташа оқу ақысын да жария етті. Ұлттық университеттердегі оқу бағасы басқаларға қарағанда екі есеге қымбат. «Ұлттық университеттерде оқитын бір студентке жұмсалатын жылдық орташа сома 635 мың теңге, ал өзгелерінде 350 мың теңге» делінген хабарламада.

Министрлік таратқан мәліметте техникалық салада мамандардың жетіспейтіні айтылған. Сондай-ақ, өнімді өңдеу саласында шеберлердің жеткіліксіз екені анықталды. Сол себепті, аталған мамандықтарды 40 пайыздан артық мемлекеттік грант бөлінуде.

Транспортты (31 мың) және энергетикалық инфрақұрылымда (8 мың), тау-металлургиялық кешенде (23,4 мың), мұнай-газ секторында (17,8 мың), туристік индустрияда (6,9 мың) және машина жасауда (6,5 мың) мамандар қажеттілігі байқалады.

Қазақстандық нарықта механик, слесарь, дәнекерлеуші, жүк және арнайы транспорт жүргізушісі, құрылғылар операторы, электр монтаждаушы сынды мамандық иелері жетіспейді.

Сондай-ақ, ІТ мамандары, сервис пен нано және биотехнологияны игерген кадрлар қазіргі нарыққа аса қажет.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377