АРМЕНИЯЛЫҚТАР КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУ ӨТКІЗУДІ ТАЛАП ЕТТІ
Армения астанасы Ереванда конституциялық реформаға қарсы оппозициялық күштердің митингісі өтуде. Акцияны "Жаңа Армения" ұлттық құтқару майданы өткізіп жатыр.
Алдын "Жаңа Армения" 1 желтоқсаннан бастап кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлау өтпейінше, күні-түні үздіксіз наразылық акцияларын жалғастыратынын мәлімдеген еді. Митингіге бірнеше мыңдаған адам қатысып жатыр.
6 желтоқсанда Арменияда конституцияға өзгеріс енгізу үшін референдум өткізіледі. Онда президенттік республикадан бас тартып, премьер-министрдің мәртебесін кеңейту қарастырылған. Оппозиционерлер болса, президент Саргсян екінші президенттің мерзімі аяқталған соң, үкімет басына барып, билік тізгінін ұстауды жалғастырмақшы деп айыптайды.
Абай-ақпарат