Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3893 0 пікір 2 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАНДА БІРҚАТАР НЫСАНДАР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

    1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Түлкібас ауданында 4 әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар ашылып, ел игілігіне берілді.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша Елбасының  2020 жылға дейін  балаларды 100 пайыз қамтамасыз ету жоспарына орай   Түлкібас ауданындағы  Ынтымақ  ауылында 100  орындық балабақша ел игілігіне беріліп отыр. Әлеуметтік нысан «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекет пен жекеменшік әріптестігі негізінде іске қосылып отыр.  Ауылдың 23 азаматы жұмыспен қамтылған 2043-ге  жуық халқы бар Ынтымақ ауылында балабақша бұрын болмаған.   Ауыл балалары тек ауыл ішіндегі мектеп жанындағы шағын орталықта қамтамасыз  етілген. Жалпы құны 40 млн теңге жұмсалған балабақшаны жеке кәсіпкер Н.Мамыров тұрғызған.   Аталған балабақшада   ойын алаңдары, жатын  бөлмелер, оқу сыныптары,  бейнелеу өнері залдары  заманауи талаптарға сай жабдықталған.  Жалпы ауданда  30 балабақшада 3905 бала,  мектеп жанындағы 37 шағын  орталықта 1534  бала,  барлығы 3-6 жастағы бала саны -5439, қамту пайызы 78,58% құрады.

         Сондай-ақ Кемербастау ауылдық округіне қарасты Күмісбастау ауылында жаңа қазіргі заманға сай барлық құрал жабдықпен қамтамасыз етілген медициналық пункт ел игілігіне берілді. Енді басы ауырып, балтыры сыздаған ауыл азаматтары алғашқы көмекті өз ауылдарында алатын болды. Медициналық нысанның құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 42 млн 334 мың теңге қаржы жұмсалған. Мердігер  «Асар строй» мекемесі. Жалпы Күмісбастау ауылында 627 адам тұрады. Нысанда 2 қызметкер жұмыс атқарады. Сонымен қатар осы округке қарасты М.Жәрімбетов ауылында да фелдьшерлік акушерлік пункт пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 51 млн теңге қаржы жұмсалған пункте 1068 ауыл  халқы заманауи құрал-жабдықпен емделетін болады. Нысанда 2 қызметкер жұмыс атқарады. Жалпы ауданда 53 медциналық мекемелер халыққа қызмет көрсетеді. Соңғы 3 жылда 23 медициналық нысандар салынып, бірқатар күрделі жөндеуден өткен. Биылғы жылы  Түлкібас ауданында 5 медициналық нысанның құрылысы жүрсе, оның 2-уі ел игілігіне берілсе, 2-уі жыл соңына дейін, 1-уі келер жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

    Сонымен қатар жергілікте жерде отандық өнімді дамыту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, халықты жұмыспен қамту бағыты аясында Рысқұлов ауылдық округіне қарасты Азаттық ауылында минералды емдік-сауықтыру ас суын өндіретін «Кристал-су» ЖШС-і іске қосылды. Жалпы құны 182 млн қаржы жұмсалған цехта жергілікті 12 тұрғын жұмыспен қамтылып отыр. Жылына 10 мың тонна өнім өндіретін цехта сусының 6 түрін өндіреді.

 Жалпы ауданда 22 ірі кәсіпорынмен  шағын және орта бизнесте тіркелген 7332 кәсіпкер бар. Биылғы жылы жеміс-жидек өнімдерінен өнім өндіретін жалпы құны 455 млн теңгелік екі кәсіпорын ашылса,  жыл басынан бері «Ырыс» ШНҰ» ЖШС-нен барлығы 104,4 млн теңгелік 41 жоба жеңілдетілген шағын несиелер алған.

        Нысандардың ашылуында аудан әкімінің орынбасарлары М.Жанесен, Ө.Маткеримов аудан аумағында ашылып жатқан әлеуметтік және кәсіпкерлерік нысандар ел игілігі жолында атқарылып жатқан жұмыстар екендігін айта келіп, алдағы уақытта дәл осындай нысандар ашылатынын жеткізді.  Ауыл ақсақалдары атынан Күмісбастау ауылының тұрғыны  Р.Мұсабаев, М.Жәрімбетов ауылынының тұрғыны  К.Балданбаев,   аудандық мәслихат депутаттары Г.Ешенқұлова, Н.Әмірбеков сөз сөйлеп, ризашылықтарын білдірді.

Түлкібас ауданының ресми сайты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340