Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5081 0 пікір 28 Қараша, 2015 сағат 19:01

ОҚО ӘКІМІ ЖЕКЕ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

 Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов бірқатар азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Бұл туралы abai.kz порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Бейбіт Атамқұловтың еңбекқорлығы мен халықшылдығы туралы осының алданда қазақстандық БАҚ-та аз айтылмады. Бейбіт Атамқұловтың жеке азаматтарды жиі қабылдап, уәждеріне назар аударып тұратынын біз жақсы  білеміз. Өзінің халықшылдығымен ерекшеленетін Бейбіт Атамқұлов кезекті рет халықпен кездесу өткізді. Облыс басшысының арнайы  қабылдауына  келген «Отырар» шағын ауданының тұрғыны, І топ мүгедегі Беркінбаева Құрманкүл өзінің жалдамалы пәтерде тұратынын айтып, өңір басшысынан көмек сұраған. Сонымен қатар, Беркімбаева тұрғын үй кезегінде 3888-ші болып тіркелгенін айтып, ІІ топтағы ұлының жұмысқа тұруына көмек көрсетуін сұраған. Ал Б.Атамқұлов бұл мәселені өзі назарға алып, Беркінбаеваны үй кезегі келгенше қызметтік үймен қамтамасыз етуді, ұлы Ескендір Олжасты жұмысқа орналастыру жайын шешуді жауапты сала мамандарына  жүктеді.

Ал, жеке кәсіпкер Толянов Анармет өңірден электро-изоляторлық зауытын ашуға қайта қаржыландыруды сұрады. Кәсіпкер бұған дейін «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының қаржыландыру бағдарламасы аясында 16 млн. теңге алғанын, оның 2 млн. теңгесін қайтарғанын айтты. Облыс әкімі бұл жайтты кеңінен зерттеп қайта қарайтынын мәлімдеді.

Тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған облыс басшысы Б.Атамқұлов басқарма қызметкерлерімен кеңесе отырып айтылған мәселелер назарға алынып, рет-ретімен шешілетінін жеткізді. Қоғамдық қабылдау барысында облыс басшысы Б.Атамқұлов ағымдағы жылда құрылыс, коммуналдық шаруашылық саласында атқарылатын жұмыстарды айтып,  тұрғындар уәждері бойынша сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270