Сенбі, 23 Қараша 2024
Осы ғой енді... 5774 0 пікір 20 Қараша, 2015 сағат 23:25

«СМЕТА» МА, ӘЛДЕ « ІСМЕТ» ПЕ?


Тәуелсіздік алғаннан кейін көше атауларын қазақшалау қажет дедік. 1990 жылдан бастап Ленин, Киров, Дзержинский... атауларына қазақ батырларының, би, шешен, хандардың есімдерін берді.  Алайда атау береміз деп, қорлап жүрміз-ау осы?

Себебі, халықтан көше атауларын сұрағанда, орысшалап «ова», «ева» қосып алып айтамыз. Кезінде сол ер тұлғалар «Абая», «Жумабаева», «Сейфуллина», «Жансугирова» деген әйел ныспысымен аталу үшін еңбек етті ме? Сонда бір ғана Алматыдағы екі мыңға жуық көшелеріміздің атауын (оның басым көпшілігі ер адамдар) әйелдер ныспысына айналдырып жібергеніміз ғой...  

Егер өзіміздің аяулы тұлғаларымыздың есімін лайықты етіп қолдана алмасақ, көше атауларын берудің не қажеті бар? Мадақ емес, мазақ етіп жүрген жоқпыз ба?

Бір ғана мысал! Алматының «Тау самалы» ауылының маңайында «Смета Кенесбаева» деген көше бар. Ең бірінші есіміне назар аударасыз. Қайдағыны баласына қоя беретін қазақ баласын шынымен де «Смета» деп атаған да шығар деген ой келеді басында. «Сметаңыз» есеп-қисап емес пе? Олай болмай шықты. «Смета Кенесбаева» деген кім сонда? Өз басым Ісмет Кеңесбаевты білемін. Қазақ тілінің фонетикасы мен фразиологоиясын зерттеген ғалым. Қазақ тілінің дамуына орасан үлес қосқан соң ғалым атамыз өзінің  «Ісмет» есімінің кейін орысша нұсқасы «Смета» болып шыға келетінін білген жоқ шығар? Бұл сауатсыздық па, әлде... Меніңше, көше атауларын жазғанда тек қазақша нұсқасы мен латын қарпіндегі атауды жазған дұрыс сияқты. Немесе орыс тіліндегі нұсқасын ерлерімізді әйелге айналдырмайтындай етіп бір жүйеге келтірген жөн болар. Бұл менің осы елдің қарапайым азаматы ретіндегі ұсынысым! Сіздер қалай ойлайсыздар?

Назерке Шарападдин, студент

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364