Сенбі, 23 Қараша 2024
Уақ-түйек... 2951 0 пікір 17 Қараша, 2015 сағат 03:00

Студенттер үшін жолақы құны өзгермейді

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қоғамдық көліктегі жол жүру ақысына  байланысты брифинг берді, - деп хабарлайды Абай порталы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қоғамдық көліктегі жол жүру ақысына  байланысты брифинг берді.

- 2016 жылдың қаңтар айында арнайы комиссия құрылып, қаладағы 27 жолаушы  тасымалдаушы компанияның жолкіресіне байланысты ұсыныстарын талқылап, наурыз айында қалалық мәслихаттың бірінші шақырылымында ортақ шешім шығарылады. Онан соң, баспасөзде арнайы хабарлама беріліп, заңдық күшіне енеді. Ескере кетерлік жәйт, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа»  иегерлері қоғамдық көліктерде тегін жүретін болады, -дейді сала басшысы. 

Демек, енді 27 жолаушы  тасымалдаушы компанияның жолкіресіне байланысты ұсыныстарын талқылап, наурыз айында қалалық мәслихаттың бірінші шақырылымында ортақ шешім шығарылатын болады. Онан соң, баспасөзде арнайы хабарлама беріліп, заңдық күшіне енеді. Ескере кетерлік жәйт, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа»  иегерлері қоғамдық көліктерде тегін жүретін болады деген сөз.

Жуырда ғана облыс әкімдігінде ұсынылған Шымкент қаласының даму тұжырымдамасында шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов нарықтық заңдылықтарға сай жолкіресінің көтерілетіндігі туралы мәлімдеген болатын. Алайда, қала әкімі жаңа тарифтің келесі жылдың екінші жартысында енгізілетіндігін жеткізді. Әрі, студенттердің жағдайын ескере келе, олар үшін жолкіре 50 теңгеге тұрақтанатындығын айтты. Сонымен қатар үшінші мегаполистің  коммуналдық мәселесін үнемі қадағалауға алып отыратындығын жеткізген болатын.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458