Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 7201 0 пікір 16 Қараша, 2015 сағат 12:58

ПАРИЖДЕГІ ЛАНКЕСТІКТІҢ АРТЫНДА КІМ ТҰР?

Париждегі ланкестікті «Ислам мемлекеті» содырлары «біз жасадық» деп мойындарына алғанымен, әлемдік саясаткерлер мен журналистер «бұл қанды қырғынның артында кімдер тұр?» деген сұраққа жауап іздеп жатыр.

Француз басылымдары жүздеген адамның өмірін қиған Париждегі террактіге қатысты өз болжамдарын алға тартуда. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жарылысты  ұйымдастырған содырлардың бірі өзін-өзі жояр кезде Шешенстан Президенті Рамзан Қадыровтың есімін атаған. Француз басылымдарының жазуынша, 7-қаңтар күні Charlie Hebdo редакциясына шабуыл жасалған күні Рамзан Қадыров шабуылды ұйымдастырған Алжир содырларының әрекетін құптайтынын жеткізген. Ал Париж орталығындағы «Батаклан» (Bataclan) театрында болған жарылысты шешен содырлары жасауы әбден мүмкін деген болжамдар айтылуда (http://newsdaily.com.ua/post/1103316?_utl_t=tw).

Ал франциялық France24 телеарнасының таратқан ақпараттарына сүйенсек, «Батаклан» (Bataclan) театрында содырлар кепілге  алған 112 адамды өлтірген. Қазіргі таңда қаза болғандардың саны 153-ке жеткен. «Батаклан» (Bataclan) театрынан қашып шыққан куәгердің айтуынша, онда да содырлар «Қадыров» деп айқай салған. Мұны кепілден құтылып шыққан әйел Париж қаласының құқық қорғау орындарына мәлімдеген. Бұл туралы «News Daily Україна» басылымы жазады.

Ал кейбір саясаткерлер Париждегі лаңкестік әрекеттердің артында Ресей Президенті Путин тұр деп есептейді екен. Joinfo.ua сайтына сұхбат берген, украиналық сарапшы Павел Нусс Париждегі жарылыстар Ресей лидерінің сценарийі бойынша жасалып отырғанын айтқан.

Нусстың айтуынша, Владимир Путин өзін ақтап алу үшін келесі лаңкестікті Мәскеуде ұйымдастырады-мыс (http://joinfo.ua/politic/1131959_VV-Putin-organizoval-terakt-Parizhe-vskore.html ).

«Париждегі лаңкестік Путин сценарийімен жасалғаны айдан анық. Енді көресіздер, «ИШИМ жасады» деген желеумен жағдайды теңестіру үшін келесі жарылыс Мәскеуде жасалатын болады. Бұл Ресей Президенті үшін тиімді және бұл өз мақсатын орындады. Ендігі күн тәртібіндегі мәселе – G20 саммиті. Тіпті, «саммит ұйымдастырылды» деген күннің өзінде Украинаның шығысындағы мәселелер үшінші немесе төртінші кезекте талқыланатын болады. Яғни, саммитке қатысушылар Париж террактілері мен Сириядағы жағдайларды алдыңғы кезекте талқылайтын болады. Әуелі – Париж, сосын – Сирия, одан кейін барып – Украина», – дейді украиналық сарапшы Павел Нусс.

Әлем сарапшылары «Париждегі ланкестікті Путиннің тапсырмасымен Ресейдің ФСБ-ісі жасады» дегенге тоқталып, оның бірнеше себебі бар екенін де жазып жатыр.

Бірінші, Түркиядағы G20 саммиті.  Сириядағы әскери операциялардан кейін Үлкен жиырмалық басшылары Путинді «қаһарман» образында қабылдамады. Тіпті бірде-бір мемлекеттің басшысы Владимир Путинмен  "тет-а-тет" форматында кездесуге келісім бермеген. Айтпақшы, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған ғана Ресей Президентімен бетпе-бет кездесетінін алдын ала мәлімдеген.  Инсайд: Үлкен жиырмалықтың Түркиядағы саммитінде Путин үшін Брисбендегі жағдай қайталанды.

Екінші себеп, "Когалымавиа" ұшағының апатқа ұшырауы. Ресейлік БАҚ осы жолы тақырыпты мейлінше терроризммен байланыстырмауға тырысты. Осы  күндері ресейлік БАҚ-тағы негізгі тақырып – гейроп, Charlie Hebdo т.б. болды.

Үшінші себеп, Париждегі лаңкестік бірнеше жерде бірден ұйымдастырылып отыр. Барлығы үлкен дайындықпен жасалған. Оны арнайы әскери тәжірбиеден өткен мамандар ғана жасай алады. Ал ресейлік арнайы жасақтың қабілеті бұған әбден жетеді, - дейді сарапшылар.

Төртіншіден, мұнай бағасының құлдырап, Ресей мұнайының құнсыздануы.

Бесіншіден, Путин Франциядағы апаттан кейін бірден көңіл айту жедел хатын жолдады. Ал Синайдағы апатқа қатысты Ресей Президенті үнсіз қалған болатын

(http://uainfo.org/blognews/1447512753-top-5-prichin-pochemu-terakty-v-parizhe-organizovany-putinym.html ).

Әрине, Париждегі лаңкестік жанкештілерінің отбасыларына қаржылай көмектер көрсетілді. "Батаклан" театрындағы террактіден аман қалғандардың айтуынша, жанкештілер француз тілінде жақсы сөйлейтін, қарапайым киінген, беттерін бүркемеген өрімдей жастар болған.  Яғни, бұл  жай ғана діни фанатизм емес.

Ал украиналық депутат Вадим Денисенко Париждегі лаңкестікті Украинадағы жанжалдармен байланыстырған  екен (http://www.politnavigator.net/ukrainskijj-deputat-za-teraktami-v-parizhe-mozhet-stoyat-putin.html ).

«Бірінші теория – өте қарапайым. Кінәлі – Путин.  Шынымен де, Кремьдің мақсаты – ЕО-ның басқарушы елдеріндегі конфигуранцияға өзгеріс жасағысы келеді. Ол әрине, Германия мен Франция. Де-факто, келесі жылдан басталады. Сондықтан да, символикалық тұрғыдан терракті Германия-Франция мачтында болған. Алайда лаңкестікті Ресей жасады деп ашық айыптауға негіздер жеткіліксіз. Оның үстіне Франция мен Германияда сайлау. Ал мынадай жағдай Олландтың да, Меркелдің де рейтингісіне ешқандай әсерін тигізе алмайды. Керісінше, рейтингісін жоғарылатуы мүмкін. Сондай-ақ, терракті жасалатын уақыт та, дұрыс ойластырылмаған. Франциядағы преймериз бірнеше аптадан кейін ғана басталады. Путин қазір терроризммен күресуші, қаһарман рөлін сомдап, Францияға көмек қолын созатыны сөзсіз. Бұл 11-қыркүйектегі жағдаймен ұқсас. Ол кезде де, Ресей АҚШ-қа алғашқылардың бірі болып қол созған. Енді Путин элитаға кіру үшін терроризммен күресіп жатыр. Еуропа Париж террактісін жан жақты тексереді. Алдын ала болжамдар бойынша, Париждегі  лаңкестікте Путин мен Қадыровтың қолтаңбасы бар ма, жоқ па, әзірге ашып айта алмаймыз. Бірақ, Путин авантюрасы Украинада не істегенін әлем халқы біліп отыр», – дейді украиналдық депутат, Порошенко блогының өкілі Вадим Денисенко.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475