ФРАНЦИЯ... ҚАРАЛЫ КҮН... ИМ...
Аталған хабарламада: "Қазақстан БҰҰ аясындағы терроризммен және экстремизммен күрес ұйымы аясында қолдау көрсетуге дайын екенін жариялайды, адамзат баласы бірігу арқылы ғана осы зұлымдықтарды жеңе алады. Бұл мақсатқа жетудің бір жолы БҰҰ аясындағы әлемдік антитеррорлық желі мекемесі болуы мүмкін", - делінген.
ҚР СІМ мәліметінше, қаза тапқандардың арасында қазақстандық азаматар жоқ. "ҚР СІМ "жедел телефон желісін" іске қосты: +7717272111. "Жедел телефон желісі" Қазақстанның Париждегі елшілігінде де ашылды: +33 1 45 61 52 00. Париждегі Қазақстан азаматтарына адамдар көп жиналған жерлерден жүрмеу керектігі ұсынылады.
Қазір аталған жарылыстарды жасаған бірнеше ланкестің көзі жойылғаны белгілі болып отыр. Әзірге Париж прокуратурасы терроризм туралы алты оқиға бойынша іс қозғады. "Тергеу "Стад де Франс" (қаза болғандар бар), Шаронн гүлзары (18 адам қаза тапты), Вольтер гүлзары (бір адам қаза тапты), Фонтен-о-Руа (5 адам қаза тапты), Аллибер қаласы (14 адам қаза тапты және сонымен қатар жарақат алған көптеген адам) оқиғаларына байланысты жүргізіліп жатыр", - деді прокурор.
"Ислам мемлекеті" ұйымы бұл лаңкестік әрекеттерді өз мойнына алды...
(суреттер rbc.ru сайтынан алынды).
Abai.kz