ҚАЗАҚҚА СЕКСУАЛЬДІ РЕВОЛЮЦИЯ ЖЕТТІ МЕ?
М.Кенжебайдың «Алаштың жауы – «казашкалар» (http://www.abai.kz/post/view?id=5246) мен Гүлжан Ізтайдың оған жазған жауабын (http://www.abai.kz/post/view?id=5270) оқып отырып; «Ақсақ қой түстен кейін маңырайдының» кері келіп тұр ғой деп ойладым. Бірақ, үмітім үзілмейді... Бұл қасіреттің әлқиссасы әріден басталған.
Тарихқа үңілсек, ХVIII – ХIХ ғасырларда Америка, Африка, Азия құрлығын жаулау үшін Франция, Англия, Белгия, Голландия, Италия, Испания елдерінің әскері, еркектері жер жүзін шарлап, мамыражай өз мемлекеттерінде өмір сүріп жатқан елдерді қарақшылықпен жаулап, кінәсіз жандардың қанын ағызып, қыз-келіншектерін зорлап, екіқабаттарының ішін жарып өлтіріп, бар байлығын тонады. Алтын-күміс жер бетінің бар байлығын әскерлері мен басшылары Еуропадағы үйлеріне тонналап жіберіп отырды. Бірақ, кім өзінің атамекенін тонатып, халқын қырғызып қойсын олар да еуропалық ағылшын, француз, испан, италиян, голландиялық ұлттардың жаулаушы әскерлерін, яғни еркектерді қырды. Бірақ, жесір қалған әйелдері, еркексіз қыздары алтынға шомылып әбден есіріп кетті. Бір күндік «қызығы» үшін еркектерді жалдап, жезөкшеліктің «базарын» қыздырды. Еуропада еркектер азайып кеткендіктен соғысқа қатысы жоқ басқа елдерден «жеңіл өмір» іздеп келген еркектер Париж, Лондон қалаларын жайлады. Әр еркекке оннан аса әйелдерден келгендіктен, әбден есірген еркектер айына бір әйел ауыстырып, солардың есебінен күн көріп, жатыпішер кер жалқау, арамтамақ езге айналып, әбден ақымақтыққа душар болды. «Ақшаның бәрі үлкен қалаларда, бай жігіттер мен еркектер толып жатыр» деген қауасетпен бастық, бай еркектерге, тұрмысқа шығамыз деп есі кеткен, жұмыс іздеген, жеңіл жүрісті әйелдер Еуропа астаналарына қаптап көшіп келді. Билік қуған, байсыз бала тапқан, мүлдем тұрмысқа шықпаған, жезөкше әйелдерге толып кетті де «өркениеттің орталығы» деп жүрген Париж «азғындықтың ордасына» айналды. Бұл аздай 1794 жылы мемлекеттік төңкеріс арқылы билікке келген Француз “қызыл коммунарларының” (бізше коммунистер) алғашқы заңдарының бірі – «әйел теңдігі». «Біз “әйел теңдігі” үшін күресеміз» деп қыз-келіншектердің отына жел үрлеп, әйелдерді биліктің барлық тармақтарына біздің “Раушан коммунистер” сияқты тағайындады. Осы кезеңде француз жазушысы А.Дюманың “Ақ гүлді келіншек” (Дама с камелиями) романын бүкіл Еуропа халқы қолдарынан түсірмей оқыды. Роман кейіпкеріне еліктеген қыз-келіншектер тек Францияны емес бүкіл Еуропада аяқ алып жүргісіз болды. Еуропаның байлық пен биліктің буына мас болған әйелдер мен қыздары білім, ғылым, ұрпақтың болашағын ойламады. Күйеуі бары да жоғы да, тұрмысқа шықпағаны да романдағы салдақы кейіпкердей, еркек атаулының “аяулысына” айналуды армандап, ессіздікте шек жоқ қой туберкулез ауруын әдейі жұқтырып, құп-қу болып, жезөкше болу үшін жандарын салды. Осы кезеңді “сексуальді революция” деп те атайды. Әбден есі ауысып, бетімен кеткен жезөкше әйелдер белгі ретінде есігінің алдына “қызыл фонар” іліп қою сәнге айналған. Осы белгі арқылы кез келген еркек қалаған уақытында сол үйге кіріп “тояттайтын” болды. Отарға түскен халықтың көз жасына ұшыраған еуропа, осылай азғындықтың батпағына белшесінен батып жатты…
Қазаққа да сексуальді революция жеткенін мына суреттен байқауға болады. Қазақстандық қоғамға «Келинка Сәбинә» фильмі арқылы танымал болған кино актриса, тележүргізуші Айнұр Ілиясова «Гагарин» атты сайтқа жартылай жалаңаш түскен суретерін жариялап, өз тәнін мұқым жұртшылыққа тамашалатып жатыр. (http://gagarin.tm/article/g-spot/73-devushka-gagarin-aynur-ilyasova/)
Редакциядан
Еуропада бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп еркектер отан үшін, отбасы үшін жан берісіп, жан алысып жаумен қырылысып жатса ақымақ әйелдері оларға қарсы елінде «шайқасып» жатты. 1914 жылы 8 наурыз күні Данияның астанасы Копенгаген қаласында, сайлауға қатысу «құқықтарын» қорғап, шеруге шыққан жезөкше- салдақыларды полицейлер қуып таратады. Өйткені қоғам оларға ең төменгі «азғындар» ретінде қарап жиіркенетін. Екінші дүниежүзілік соғыста еркектер тағы қырылды. Еуропада биліктегі әйелдер билігін пайдаланып, іскер әйелдер ұйымдар мен мемлекеттік емес қозғалыстарды көптеп құрды. Оларда бір-ақ мақсат болды. Ол; «еркектер бізден жоғары оларды бізбен теңестіру керек» деп күресті. Еуропа әйелдерінің еркектермен жауласатын орны бар. Христиан дінінің католик тармағын ұстанған Еуропада 15-17 ғасырлар арасында әйелдерді «сайтан», «ведьма» деп жүз мыңдап отқа өртеп, асып, атып өлтірді. Осыған кектенген еуропа әйелдері жаппай «саясатқа» шықты. Бір-біріне бақталас еуропа елдері; «Елін бұзғың келсе әйелін бұз» деген қағидамен екінші бір елдің экономикасын дағдарысқа ұшыратып, білім ғылымын сорлату үшін сол елдің ақымақ әйелдерін пайдаланды. Ақшаны аямай беріп, қаншама мемлекеттік емес ұйымдар ашып еркектеріне қарсы қойып, әйелдерді сайлауда қолдап билікке әкелді. Еуропалық аз еркектер әйелдердің бұл «жеңістеріне» мән беріп, түбіне үңілмеді. Ал, сайлаудан өте алмағандары «гендерлік» саясаттың күшімен парламентте пен мемелекеттік билікте 50 пайыздан артық иеленіп алды. Әйелдер қалай билікке келді солай еуропа азғындыққа ұшырады. 1978 жылы Еуропада жүз мыңдаған гомосексуалдар мен лесбиянкалар жиналып, көтеріліске шықты. «Біздің құқығымыз аяққа тапталып жатыр» деп бүкіл әлемге жар салды. Олардың күресі он жылға созылды. Парламент пен биліктегі әйелдер осы «азғындарды» белсене қолдады. 1987 жылы оларды кемсітушілікке қарсы бір жола заң қабылданып, оларды да «адам қатарына» қосты. Олар бұған қанағат еткен жоқ. Олардың қатары күн санап өсе берді. 1995 жылы Дания мен Норвегияда еркек пен еркек, әйел мен әйелдің заң жүзінде некеге тұруға рұқсат берді. 1998 жылы Нидерландияда рұқсат берсе, 2000 жылы оларға бала асырап алуға заң шығарып рұқсат берді. Швецияда олардың RESL атты дүниежүзілік бірлестігі бар. Арнайы газет-журналдары, киностудия, бейнеклип шығарып, хайуаннан өткен азғындықты жарнамалап, жүрек айнытар шығармалары жетіп артылады. Швеция, Дания, Норвегия мемлекеттері оларға қаржылай көмек көрсетеді. Мемлекеттік билікте «азғындардың» өз депутаттары мен министрлері өріп жүр…
(Сексуальді революцияның тағы бір көрнісі: Танымал қазақстандық кино актриса – Айсұлу Азимбаева «Гагарин» журналына арнайы фото сессия жасап, (http://gagarin.tm/article/g-spot/88-devushka-gagarin-aysulu-azimbaeva/) жалаңаштанған).
Редакциядан
Жиырма бірінші ғасыр еуропа халықтары үшін тарих бетінен жойылатын қаралы ғасыр. Осы күннің өзінде бүкіл ұлттық қасиетінен айырылған, болашағы жоқ өлген ұлт есебіне қосуға болады. 1998 жылы әлемдік жас жазушылардың байқауында гомик, лесбиянка, жануарлармен жыныстық қатынас жасайтын азғындар туралы жазылған шығарма бірінші орын алды. (Біздің жезөкше «Келін» фильмі тәрізді ешкімен жыныстық қатынас жасайтын). Бразилияда 2006 жылы жезөкшелердің FM желісімен «ZONA» деп аталатын радиостанциясы ашылды. Онда жезөкшелікті насихаттап, оларды «әлемдегі ең тәуелсіз, әдемі әрі ақылды қыздар» деп мақтайды. 1994 жылы Мәскеуге АҚШ-тың әйелдер қауымдастығының төрайымы келді. Журналистер неше баласы бар екенін сұрағанда: – Мен балаларды сүймеймін, туғым да келмейді, олар менің карьерама кедергі келтіреді, Ресей әйелдері күйеулерін тыңдайды, өз құқықтары үшін күреспейді, – деп кінәлап отырды. Азғын әйелдердің билікті, байлықты қолдарына алғандығының белгісі: 2005 жылы америкалық 43 жастағы мультимиллионерша Сандес Бернардес өзінің 17 жасар ұлы Эмилиоға тұрмысқа шықты. АҚШ-та «баласына тұрмысқа шығуға» рұқсат беретін заң болмағандықтан Тайландқа барып некеге тұрған. Бұл азғын әйел: «Мен осыған дейін екі рет тұрмысқа шықтым. Екеуі де жүрек ауруынан қайтыс болды. Оларды шын жүректен сүйгенім рас, бірақ Эмилиоға деген махаббатым ерекше, оның үстіне ол менің ұлым, әрі сүйікті жарым. Мұндай ерекше сезімді елестету мүмкін емес» – деді. Бұл, әйелге жиіркенішпен қараудың өзі аздық етеді. «Гендерлік саясат» заңының апаратын жері осы. Италияның «Әлеуметтік балама» партиясын басқаратын (атақты фашист Муссолинидің немересі) Александра Муссолини балаларына өзінің фамилиясын беру үшін жанын салып күресуде. «Әйел мен еркектердің құқығы бірдей неге тек еркектердің фамилиясына жазылу керек» – деп байбалам салуда. Әйел санасыздығында шек жоқ екен-ау. Маргерет Тэтчер, Ангела Маркел, Кандализа Раис т. б. толып жатқандардың өмірлеріне үңіліп көріңізші. Аяулы, қадірлі, жан ана деп айтуға аузың бармайды. Өмірлерінде пұшпағы қанап, тұла бойына бала бітіп көрмеген, баламның болашағы не болады деп бас қатырып жатпайды. Мұндай жандар ұлт мүддесін, мемлекеттің болашағын ойлайды дегендер топастар. Жақында Исландия мемлекетінің премьер – министрі алпысты алқымдаған әйел Й.Сигурдардоттир елу жастағы «атақты» жазушысымақ Й.Леосдоттир деген әйелге «үйленіп», әлемге жар салып той жасады. Балалары «бар» дейтін Чили президенті Мишель Бачелет үш еркектен үш бала тапса, Финляндия президенті Тарья Халонен байсыз бала тапқан. Президентінен бастап тұтас ұлттардың бұдан өткен азғындауы – «батыс өркениеті» емес, экономикаға негізделген қоғамның шіруі. Қазақстанға «үлгі» қылып жүрген Финляндия, Норвегия, Швеция, Дания, Голландия елдерінде билікте елу пайыздан артық әйелдер отыр. Олар осыдан 40 жыл бұрын білімділігімен, біліктілігімен, билікке келген жоқ. Зорлықпен қабылданған «Гендерлік саясат» заңы арқылы келді. Бұл «зорлық заңы» қазір қалыпты заңға айналған. Әйелдер десе сайлауда соларға дауысты еш ойланбастан бере салатын жағдайға жетті. Әйелдер билікке келген қырық жылдың көлемінде осы елдер бүкіл ұлттық қасиеттерінен айырылды. Ұлттың аты тек мемлекеттің атында ғана қалды. Бұл күндері осы елдердің қарқындап дамуы төмендеп бала туу, ұлттың өсімі тоқтаған. Халықтың санын шетелден келген келімсектер арқылы толтырып отыр. Әйелдері билік қуалап, кез келген еркекпен қауышқанын «бақыт» санайтын есуастарға айналған. Оны олардың күнделікті бізде көрсететін телесериалдырынан-ақ көріп отырмыз. Еркектері ез, балалары тірі жетім. Еуропа халқының ұлттығынан айрылғанына сенбесеңіз, Парижге, Лондонға барып осыдан бір ғасыр бұрынғы француздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, «француз, ағылшын деген кім?» деп сұрап көріңізші, жауап беретін бірде-бір адам таба алмайсыз. Өйткені бәрі «әлем халқына» айналып өздерінің дінінен, ұлттық салт-дәстүрлерінен жиіркеніп, ұлтсыз тобырларға айналған. Дания, Швеция, Норвегия, Голландия елдерінде енді елу жылда солардың тілінде сөйлейтін адам көшелерінде таба алмай қалатынына кәміл сенемін. Еуроодақта ағылшын тілі ортақ тіл, еуро ақшасы ортақ ақшаға айналды. Олардың болашағын енді болжап көріңіз. Әлемдік “өркениет әйелдері” бүкіл билікті қолға алғандықтан, ең соңғы еркекті жойғанша күреседі. АҚШ пен Еуропада, әсіресе, Норвегия, Швеция, Финлияндия, Голландияда әйелдер өздерінің айтқанынан шықпайтын, “әйелдерден ақылды адамдар жоқ” деген түсінгі бар ақымақ еркектерді орынбасарлыққа, жандайшаптыққа алады. Осы сүмелек еркектерді “мәдениетті, ақылды, білімді” деп өтірік мақтап, басқа еркектерге қарсы үргізіп қояды. Қазіргі таңда, олардың еркектері еркек емес телпек, ез, боркемік, ақылсыз, жарымес болып тынған.
Қазіргі заманның ірі ойшыл, философы Бенедикт Спинозаның: “Билік басындағы әйел – бүкіл әлемге қатер” деген пікірі қаны тамып тұрған шындық екенін еуропа әйелдері дәлелдеді.
Тоғайбай Нұрмұратұлы, ҚР Мәдениет министрлігі Құрмет грамотасының иегері
Астана қаласы
Abai.kz