Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 5179 0 пікір 27 Қазан, 2015 сағат 19:51

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ЭКСПО БАСШЫСЫ ЖЕТІСУ ӨҢІРІНЕ КЕЛДІ

Жақында «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК АҚ басқар­масының төрағасы Ахметжан Есімов Жетісу жеріне жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Амандық Баталовпен кездесті, - деп жазады Алматы облыстық "Жетісу" газеті.

Басшылар алдымен Іле ауданына қарасты «Даму» логис­тикалық орталығына барып, арнайы ұйымдастырылған көр­мені тамашалады.

Көрмеде тапсырыс беру­ші­лер өнім сапасын көріп, бағалау мүмкіндігіне ие болды. Мұнда облыс әкімдігі мен «Ас­та­на ЭКСПО – 2017» ҰК АҚ ара­сында отандық тауар өндіру­шілерді «Астана ЭКСПО – 2017» Халықаралық ма­ман­дан­ды­рыл­ған көрмесінің нысан­дарын са­лу­ға қатыс­тыруға ба­ғыт­талған мемо­ран­ду­мға қол қойылды.

– Өздеріңіз білетіндей, елі­мізде ЭКСПО-ның сәтті өт­уі­не дайындық қызу жүр­гізіліп жатыр. Жақында ғана Ел­басы атап өткендей, қазіргі дағдарыс өткен жылдар­дағы­дан әлде­қайда күрделірек. Сон­дықтан, жаңа жұмыс орын­дарын ашу ғана емес, қазір­гісін де сақтап қалу маңызды. Сол себепті біз осы келісім­шарттарға қол қою­дамыз», – деді Ахметжан Есі­мов. Сон­дай-ақ, ол өз сө­зін­де биыл Милан қаласында өткен ЭКСПО-да еліміздің көр­месін миллиондаған халықтың тама­шалағанын атап өтті. Ал, Аман­­дық Ғаббасұлы: «Өз­дері­ңізге бел­гілі, облыстың әлеуеті жоғары. Осын­дай үл­кен жо­баға біздің тау­ар өнді­руші­леріміздің қатыса­тын­дығына қуаныштымыз», – деді.

ЭКСПО бас мердігерлері жаб­дық­таушылармен бола­шақ­тағы бизнес әріптестігін Ын­тымақ­тастық туралы мемо­рандумдар мен нақты шарт­тармен баянды етті. Кездесу барысында Ұлттық ком­па­ния­ның бас мердігерлері отан­дық тауар өндірушілермен он бір келі­сімшартқа қол қойды. Атап айтсақ, бас мердігер «Сем­бол Иншат» АҚ бірден төрт келі­сімшартқа қол қойып, «PLAST Inv­est Production», «Компания Sonik», «Полимерметалл-Т» және «АЛЮ­ГАЛ» ЖШС-тері компа­нияларымен жұмыс іс­теуге келіс­ті. Осындай бірнеше келісім «Mabco construc­tions s.а» мерді­герімен, «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС компа­нияла­рымен жасалды.

Сонымен қатар «АБК Құ­ры­лыс–1» компаниясы «Кнауф Гипс Қапшағай» және «Жетісу гранит» ЖШС-терімен келі­сімшартқа қол қойды. «Turkuaz YDA Stroy» ком­паниясы «Та­биғи ресурстарды пайдалану және табиғатты пайда­лануды реттеу» ММ, «САЭС Сре­да­энергострой» компаниясы «АСП­МК–519» акционерлік қоғамымен, «СК Базис» ком­паниясы «Мекада» ЖШС, «Те­кели гранит» ЖШС-мен бірге жұмыс істеу ниетін меморан­думда бекітті.

«Астана ЭКСПО – 2017» ҰК АҚ мемлекеттік табиғи парк­тері­мен де «Көлсай өзені», «Ал­тын­емел», «Іле Алатау» меке­меле­рі­мен, сондай-ақ «Жібек жолы» және «Asia Discover» туропера­торла­рымен мемо­ран­думға қол қойыл­ды. Компания Қарағанды, Қызыл­орда, Сол­түстік Қазақстан, Павло­дар, Шығыс Қазақстан, Жам­был об­лыс­тарының және Астана қала­сының әкімдіктерімен отандық тауар өндірушілерді қатыстыру туралы меморандумдар жасап, қол қойды. ЭКСПО –2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көрмесі Аста­нада 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта өтетін болады.

Іле ауданы

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052