Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Билік 4635 0 пікір 26 Қазан, 2015 сағат 03:00

МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ВЕЛО-ШЕРУ ӨТТІ

Жуырда  Қазақ хандығының 550 жылдығына орай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыруымен  мемлекеттік  қызметкерлер  мен  жастарды  бұқаралық  спорт  арқылы  біріктіру  мақсатында аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, адал еңбек етуді насихаттауға, ауданда  мемлекеттік  жастар  саясатын  жүзеге  асыру, спорт  түрлерін  өскелең  ұрпаққа  дәріптеу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және  салауатты  өмір  салтын  насихаттауға  бағытталған  «Адал жол – Честный путь!»  атты  велошеру  болып  өтті.

Велошеруді  аудан  әкімінің орынбасары А.Есенбеков  ашып берді. Облыстан келген қонақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің консультанты Б.Қаратаев та өзінің құттықтау лебізін білдірді.     
Велосипедтерін қомдап, жүруге  дайын  тұрған  қатысушылардың  көздегені  жүлде  емес, салауатты  өмір  салтын  насихаттауға, әрдайым ұстанып жүруге, ауданымызда  велоспорттың  кеңінен  дамуына  деген құлшынысы айқын аңғарылып тұрды.                                                                    

Велошеру Жетісай қаласындағы орталық «Жеңіс» алаңынан бастау алып, велошабандоздар қаланың Қожанов, Амангелді, Яссауи, Дайрашев  көшелері  бойымен 8 шақырымдық  жолды жарты  сағатта жүріп өтті. Велошеру кезінде ішкі істер қызметкерлері мен аудандық  емхана  қызметкерлері қатысушылардың қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  спортшылармен  бірге  арнайы  автокөліктерімен бағыт бойынша жүріп  отырды.                                                                                                            

Аудан  әкімінің  орынбасарлары  Ә.Әбжанов, А.Есенбеков, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Тілесов, дене шынықтыру  және  спорт бөлімінің басшысы Ж.Тәтеев бастаған және 150-ге жуық түрлі мекеме  қызметкерлері мен аудан жастары қатысқан  автошерудің мәре сызығы  қайта орталық «Жеңіс» алаңында кесілді. Іс-шара соңында белсенді қатысқандарға естелік сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етілді. 

Г.Сұлтанова, Мақтарал ауданының жастар орталығының әдіскері

Abai.kz


0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2063