Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Билік 3877 1 пікір 26 Қазан, 2015 сағат 03:00

ОҚО: ПРКУРОРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Б.Момышұлы көшесі №184 үй тұрғыны Әсет Арман Айтмаханұлы, 17.03.2015ж. бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен, алаяқтық қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру мақсатында Түлкібас ауданының тұрғыны аз-ша З.Изгибаеваның сеніміне кіріп, «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істейтін таныстары арқылы «төменгі пайызбен 6 000 000 теңге көлемінде несие алып беремін»-деп, ірі мөлшерде алаяқтық жолмен 1 250 000 теңге ақшасын алып өз пайдасына жаратып жіберген.

Күдікті А.Әсет өзінің қылмыстық әрекеттерін одан әрі жалғастырып, Түлкібас ауданының тұрғыны аз-ша С.Сугиралиеваның сеніміне кіріп, 02.04.2015ж. одан да «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істейтін таныстары арқылы «төменгі пайызбен 6 000 000 теңге көлемінде несие алып беремін»-деп, ірі мөлшерде алаяқтық жолмен 1 250 000 теңге ақшасын алып өз пайдасына жаратқан.

Аталған дерек бойынша аудандық ІІБ-нің тергеушісі С.Даудбековпен  А.Әсетке қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабының 3 бөлігінің 1,3 тармақтарымен қылмыстық іс қозғалған.

Аталған қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры Түлкібас аудан прокуратурасының прокуроры Б.Баймағамбетов айқындалған.

Түлкібас аудандық ІІБ-нің тергеушісі С.Даудбековпен іс бойынша бір қатар тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп,  нәтижесімен 03.08.2015 жылы қылмыстық іс айыптау актісімен аудандық прокуратурасына түсіп, 10.08.2015 жылы Түлкібас аудандық сотына негізінен қарау үшін жолданған.

Түлкібас аудандық сотының 26.08.2015ж №1-111 санды үкімімен А.Әсет ҚР ҚК-нің 190 бабының 3 бөлігінің 1 тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 63 бабын қолданып, жазасы шартты жаза деп есептелген.

Түлкібас аудандық сотымен 26.08.2015 жылы аудан прокуратурасының прокуроры, процесс прокуроры Б.Баймағамбетов, сотталушы А.Әсетке қатысты қылмыстық ісін қарау барысында өзінің қызметтік міндеттеріне адал қарап, қадағалауды дұрыс ұйымдастырып, сотталушының қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәлілігін дәлелдеу міндетін жоғары дәрежеде орындағаны үшін марапаттау туралы жеке қаулы қабылданған.

 А.Пашаев, Түлкібас ауданының прокуроры аға әділет кеңесшісі  

Abai.kz                                                                      

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2063